Үлкен Нарын ауданында егін егу науқаны қызу жүріп жатыр. Биыл аудан бойынша ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңы 50 мың гектардан асты. Бұл өткен жылмен салыстырғанда жоғары көрсеткіш. Қазір шаруашылықтар егіс алқаптарын толық дайындап, дала жұмыстарына белсенді кіріскен.

Биыл өңірде 630 мың гектар алқапқа егін егу жоспарланған, бұл өткен жылмен салыстырғанда 13 мың гектарға көп. Қазіргі таңда 113 мың гектар жерге дән себіліп үлгерген. Осы мақсатта, өнім сапасын арттырып, су ресурстарын тиімді пайдалану үшін Үлкен Нарын ауданда алғаш рет жаңа технология қолданысқа енгізілді. Бұл әдіс егістік алқаптарында суды үнемдеуге және өнім санын арттыруға мүмкіндік береді.

Серік Кисембинов, «BNK Group Ltd» ЖШС зауытының өкілі:

Біз 250 гектарға бес жаңбырлатқыш суару технологияларын құрып жатырмыз. Су үнемдеу технологиялары біздің президенттің басты мақсаты. Сол үшін көп шаруалар осы құбырларды орнатуға барын салып жатыр.

Мамандардың айтуынша, биылғы жауын-шашын мен қар мөлшерінің мол болуы топырақтағы ылғал қорын арттырған. Бұл өз кезегінде мол өнім алуға мүмкіндік береді дейді диқандар.

Мұрат Бурабаев, «Тамерлан» шаруа қожалығының қызметкері:

Ыстыққа төзімдіні сеуіп біттік. Жігіттер бәріміз жаппай күннің батысына шейін жіггітер барлығы жұмыстарын жақсы біледі. Жері жұмсақ жерге дәнді 5 см тереңдікке жіберіп отырмыз. Ал қатты жерге терең бару үшін көбірек қосып норматив бойынша сеуіп жатырмыз.

Мемлекет басшысының ауыл шаруашылығы өнімін ұлғайту жөніндегі тапсырмасы аясында биыл ауданда дәнді, майлы және жемшөп дақылдарының көлемі артқан. Әсіресе күнбағыс алқабы ұлғайып отыр. Аудан шаруалары тұқыммен, техникамен және жеңілдетілген дизель отынымен толық қамтылған. Сонымен қатар минералды тыңайтқыш жеткізу жұмыстары да кезең-кезеңімен жүргізілуде.

Тұрсынхан Базарбаев, аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің маманы:

Шаруашылықтарға үнемі қолдау көрсетіліп отырады.200 шаруашылыққа арзандатылған дизель отыны бөлінді. Қажетті тұқым бар.

Биыл көктемгі дала жұмыстарына 120 трактор мен 500-ден астам егіс және топырақ өңдеу техникасы жұмылдырылған. Сонымен бірге аудан шаруашылықтары жаңа техникалар сатып алып, материалдық базасын нығайтып жатыр.

Бекарыс Секен