«Сарбазға прокурорлық кеңес» республикалық акциясы аясында Қазақстан Республикасы Бас әскери прокуратурасының ардагерлер делегациясы 5518 әскери бөліміне барды. Бұл бастама – әскери қызметтің ашықтығын қамтамасыз етіп, сарбаздардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған маңызды жобалардың бірі.
Жиынның мақсаты – әскери қызмет өткеру жағдайымен тікелей танысу, бөлімнің материалдық-техникалық базасын бағалау және мерзімді әскери қызметшілермен ашық форматта пікір алмасу. Делегация құрамындағы ардагерлер – құқық қорғау саласында ұзақ жылдар еңбек еткен тәжірибелі мамандар. Олар сарбаздармен кездесіп, құқықтық кеңестер беріп, өз тәжірибелерімен бөлісті.
Ғазиз Найзабаев, ШҚО прокуратурасының ардагерлер кеңесінің төрағасы:
Әскери бөліміне келіп, осында әскери қызметтерін өтеп жатқан ұландардың әскери қызмттерін қалай атқарып жатқандары жайында көруге келдік. Әрине осы уақытқа дейін әрбір жауынгер бұрынғы мен салыстырғанда өте күрделі техникалар мен қамтамасыз етілген.
Жұмыс сапары барысында ардагерлер әскери бөлімнің тыныс-тіршілігімен жан-жақты танысты. Атап айтқанда, асхананың санитарлық жағдайы, медициналық пункттің жұмыс істеу деңгейі, сондай-ақ жеке құрамға көрсетілетін медициналық көмектің сапасы назарға алынды. Сонымен қатар, бөлімнің инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымы да тексерілді. Бұдан бөлек, жиын барысында әскери қызметті өтеп жүрген сарбаздардың жасаған ерліктері ескеріліп, оларға алғыс хаттар табысталды.
Әлібек Уалханов, қатардағы жауынгер:
Өзім Семей қаласы Үржар ауданының тумасымын. 6699 әскери бөліміне клгеніме өте қуаныштымын, мен бүгінгі алған мадақтамамды өзімнің жауапкершілігіммен табандылығымның арқасында алдым деп ойлаймын.
«Сарбазға прокурорлық кеңес» акциясы еліміздің әр өңірінде жүйелі түрде өткізіліп келеді. Оның мақсаты – әскери қызметшілердің құқықтарын қорғау, олардың әлеуметтік жағдайына көңіл бөлу және әскери ортада ашық диалог алаңын қалыптастыру.
Нұрдәулет Қалибеков