Үлкен Нарын ауданында жаңа бассейн салынуда. Заманауи спорт нысаны елді мекен тұрғындары үшін салауатты өмір салтын дамытуға бағытталған маңызды жобалардың бірі. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Жоспар бойынша жаз мезгілінің соңында қолданысқа беріледі -, дейді мамандар.
2023 жылдың соңында Мемлекет басшысының жарлығымен Үлкен Нарын ауданы жеке аудан ретінде құрылды. Қазір аймақта 6 ауылдық округ, 21 елді мекенде 10 мыңнан астам халық тұрады. Жаңа аудан өз бюджеті мен даму бағытын айқындап, осы уақыт ішінде тың бастамаларға жол ашты. Сол жобалардың бірі - ауданда салынып жатқан бассейн. Мердігер мекеме өкілдерінің айтуынша, құрылыс материалдары жеткілікті, жұмыс күші толық қамтылған. Мамандар нысан сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқталатынын айтады.
Бекжан Камалиев, учаске бригадирі:
Негізгі су тұратын насостардың төбесін құйып жатырмыз. Жанын бекітіп жатырмыз. Бассейіннің ішке құрылыстары да жөнделіп жатыр. Бояу, қалау, бөлмелер, құбырлар бәрі тартылып жатыр. Бәрі жақсы 8 жігіт істеп жатыр. Материалдан кедергі жоқ. Бәрі бар, резорларды бүгіннен бастап қазды. Бұйырса он күнде резорды құйып бітеміз.
Ауыл тұрғындарының да қуанышы осы нысанның салынуы. Тұрғындар мұндай заманауи спорт нысанының ашылуын көптен бері күттік-, дейді.
Лаура Қабдоллина, ауыл тұрғыны:
Бассейіннің салынып жатқаны ауыл тұрғындары үшін қуанышты жаңалық. Бұл әсіресе балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын нығайтуға, бұқаралық спортты дамытуға зор мүмкіндік береді. Жалпы, аудан тарихында алғаш рет бой көтеріп отырған мұндай заманауи спорттық нысан үлкен жаңашылдық деуге болады.
Жаңа бассейн аудандық спорт мектебінің жанынан салынуда. Болашақта мұнда су спорт түрлері бойынша үйірмелер ашылып, жас спортшылардың кәсіби деңгейде дайындалуына мүмкіндік жасалмақ.
Еркінбек Батырқанов, Үлкен Нарын ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің директоры:
Біздің спорт мектебінде спорттың жеті түрінен балалар шұғылданап жатыр. Ол бокс, еркін күрес, волейбол, футбол, дзюдо. Барлық жаттықтырушыларымыз білімді. Өз жұмыстарын жоғары деңгейде атқара біледі. Ауылдық жерде ата аналар балаларын осы бассейінге әкеліп су спорт түріне қатысып, көп жетістіктерге жетеміз деп ойлаймын.
Ауыл әкімі алда атқарылар іс көп екенін айтып, елдің дамуына арналған жоспарларын бөлісті.
Дәулет Маратбеков, Үлкен Нарын ауылдық округінің әкімі:
Аудан бойынша биылғы жылы жылу құбырдарын тарту жұмыстары жоспарланған. Бізде үш жылдық проект болған ауылда ауызсу жүйесін тарту. Биылғы жылы аяқтап жатырмыз. Осы жолы орталықтандырылыған су берілетін болады. Содан кейін су құбыры біткеннен кейі көшедені орташа жөндеу жұмыстары жоспарланған. Он көшеге жамылғы төсейміз. Содан кейін жылу жүйелерін жаңғырту жұмыстары жоспарланған.
Жаңа бассейнде жүзу залы, жаттығу бөлмелері және қажетті инфрақұрылым қарастырылған. Нысан толық іске қосылған соң тұрғындар үшін қолжетімді спорт орталығы болмақ,
Бекарыс Секен