Өскеменде «Мамандық Pro – Fest 2026» бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Бір алаңда жұмыс берушілер, оқу орындарының өкілдері, мектеп түлектері, колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттері бас қосты. Қатысушыларға сұранысқа ие мамандықтар, жұмысқа орналасу мүмкіндіктері және білім беру бағдарламалары туралы ақпарат берілді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, шараның мақсаты – жастарға болашақ мамандығын таңдауға көмектесу және жұмыс берушілер мен жұмыс іздеушілер арасында тікелей байланыс орнату.

Арайлым Есімбекова, облыстық еңбек мобильділігі орталығының директоры:

Бүгін бізге жүзден аса жұмыс берушілер өздерінің бос жұмыс орындарын ұсынып отыр. Барлық аудан қалалрдан жұмыс берушілер келді. Бұл дегеніміз алсықа бармай ақ бітруші түлектерге үлкен мүмкіндік жасау.

Жәрмеңке аясында өңірдің жоғары оқу орындары да өздерінің білім беру бағдарламаларын таныстырды. Болашақ талапкерлерге заманауи мамандықтар, халықаралық бағдарламалар және инженерлік білім берудің перспективалары туралы айтылды.

Ақмарал Қазыкешова, Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ аға оқытушысы:

Жалпы біздің университет қазіргі таңда тұрақты дамудың динамикасын көрсетіп келеді. Соңғы жылдары студенттердің контенгенті өсіп, студенттердің жұмысқа орналасуы 96 пайызға жетіп отыр.Қазіргі уақытта университетімізде бакалаврият, магистратура пейжди доктарантура деңгейлері бойынша 87 білім беру бағдарламалары жүзеге асырылуда.

Жәрмеңкеге жалпы саны жүзден астам жұмыс беруші қатысты. Шара барысында қала тұрғындары мен жастар қажетті бос жұмыс орындарымен кеңінен танысып, түрлі сала мамандарынан кәсіби кеңестер алды. Сонымен қатар қатысушылар білім алу мүмкіндіктері, қайта даярлау бағдарламалары және алдағы уақытта тұрақты жұмысқа орналасу жолдары туралы жан-жақты ақпаратқа ие болды.

Нұрдәулет Қалибеков