Облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов Премьер-министр Олжас Бектенов төрағалық еткен Үкімет отырысында өңірдегі авиация саласын дамыту бағытындағы жұмыстар туралы баяндады. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Зайсан мен Катонқарағай аудандарында жаңа әуежайлар салынып жатыр. Қазіргі таңда Зайсан әуежайының құрылысы 80 пайызға жуығы аяқталса, Катонқарағайдағы нысанның дайындығы 55 пайызды құрайды.

Жоспар бойынша Зайсан әуежайы осы жазда, ал Катонқарағай әуежайы күз басында аяқталады. Сертификаттау рәсімдерінен кейін екі нысанды да жыл соңына дейін пайдалануға беру көзделген. Әр әуежайда 57 тұрақты жұмыс орны ашылады. Құрылыс кезінде 320 адам маусымдық жұмыспен қамтылған.

Нұрымбет Сақтағанов, Шығыс Қазақстан облысының әкімі:

Бүгінгі күні Зайсан әуежайы бойынша дайындық деңгейі 76 пайызды құрайды. Әуе айлақ бөлігінің құрылысы мына ұшып қону жолағы, перрон және рульдеу жолағы толық көоемде аяқталды. Қазіргі уақытта ғимараттар салу инженерлік инфроқұрылым тарту автомобиль жолдарын салу және переметірлік қоршауды орнату жұмыстары жалғасуда.

Өңірде басқа да аймақтарға жаңа әуе бағыттарын ашу жұмыстары да қолға алу жоспарлануда. Бүгінде Өскемен әуежайы базасында цифрлық жүйелер енгізіліп жатыр. Атап айтқанда, жолаушыларды автоматты тіркеу, электронды құжат айналымы, бейнебақылау және әуе тасымалдарын басқарудың заманауи технологиялары іске қосылмақ.

Нұрымбет Сақтағанов, Шығыс Қазақстан облысының әкімі:

Әуе компанияларын тарту және маршруттық желілерді қалыптастыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жаңа әуежайлар бойынша бірінші кезекте Өскемен Алматы Астана қалаларында ішкі әуе қатынастарын ұйымдастыру кейіннен халықаралық әуе қатынастарын жоспарлау пысықталып отыр. Сонымен қатар Өскемен қаласы мен Ақтау, Атырау, Түркістан қалалары арасында субсидияланатын ішкі әуе қатынасын іске қосу керектігі бар.

Үкімет отырысында Қазақстанның авиациялық қауіпсіздік деңгейі ICAO халықаралық стандарттарына толық сәйкес келетіні атап өтілді. Сондай-ақ ел бойынша биыл 11 халықаралық әуе бағытын ашу және қайта жандандыру жоспарланып отыр.

Нұрдәулет Қалибеков