Өскеменде жұмысшы мамандықтардың беделін арттыруға бағытталған «WorldSkills Shygys – 2026» чемпионатының салтанатты ашылуы өтті. Ауқымды додада өңірдегі жетекші колледж студенттері түрлі құзыреттілік бойынша бақ сынап, кәсіби шеберліктерін көрсетеді. Сонымен қатар қатысушылар тәжірибе алмасып, заманауи мамандықтардың қыр-сырын меңгеруге мүмкіндік алады.

Өңірлік «WorldSkills Kazakhstan» чемпионаты 18–22 мамыр аралығында өтеді. Биыл байқауға 200-ге жуық студент қатысып, өзара мықтыны анықтайды. Жалпы жарыс облыстағы сегіз жетекші колледж базасында ұйымдастырылып, 45 құзыреттілік бойынша өтеді.

Әлима Ақылбек, Облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары:

Жалпы бұл чемпионаттың негізгі мақсаты жұмысшы мамандықтарды дәріптеу және жастарымызды жұмысшы мамандық алуға үйрету. Чемпионаттың аймағында мектеп оқушыларына кәсіби бағдар беру бойынша келіп көретін болады. Ол да оқшыларымыздың болашақта жұмысшы мамандықты таңдауына сеп болады деп ойлаймыз. Бұл чемпионатқа жылда қатысамыз. Чемпионат жеңімпаздары Республикалық чемпионатқа жолдама алады. Жеңімпаздар шығыс намысын сонда қорғайды. Ол жақтан жеңген уақытта олар ары қарай әлемдік чемпионатқа қатысатын болады.

Жыл өткен сайын чемпионаттың ауқымы кеңейіп, қатысушылар қатары артып келеді. Мәселен, қозғалыс алғаш 2016 жылы басталған кезде жарыс небәрі алты құзыреттілік бойынша ұйымдастырылып, оған 30-дан астам студент қатысқан еді. Ал бүгінде чемпионат 45 құзыреттілікті қамтып, қатысушылар саны 200-ге жуықтады.

Исатай Исин, Өскемен жоғарғы политехникалық колледжінің директоры:

Біз жылда белсенді қатысамыз. Осы жолы біз 10 компитенция бойынша қатысамыз. Бізде жаңа компитенция ашылды ол дрон арқылы басқару. Ол бүгінгі заман талабына келетін маман. Әр салада дамып келеді. Жалпы WorldSkils ол техникалық кәсіптің драйвері. Біз осы бойынша қай салада қандай жабдық керектігін зертетйміз. Әр салада програмирование керек. Сол себепті біз оларды дайындап жатырмыз. Біздің балаларымыз әр саладағы бағдарламалауды біледі.

Сайысқа қатысушы Мансұр Жомартхан чемпионатқа колледж намысын қорғап келген қатысушылардың бірі. Ол мұндай жарыстардың кәсіби біліктілікті шыңдап қана қоймай, болашақ мамандарға тәжірибе жинауға үлкен мүмкіндік беретінін айтады.

Мансұр Жомартхан, «WorldSkills Shygys – 2026» чемпионатының қатысушысы:

Жарысқа деген дайындығым жақсы. Осы біздің колледж атынан 30 бала келдік. Бұйыртса бәрін жақсы көрсетіп жатыр. 00:20скл00:28 Жалпы осы WorldSkils ар0ылы бағдарламаларды меңгеріп, ары қарай мұғалім ретінде балаларға осыны үйрету үшін осындай жарыстарға қатысуды ұнатамыз.

Өңірлік кезеңнің жеңімпаздары облыс намысын республикалық чемпионатта қорғайтын болады. Жыл соңында олар ел біріншілігінде бақ сынап, кәсіби шеберліктерін тағы бір мәрте дәлелдеуге мүмкіндік алады. Ал республикалық кезеңде үздік атанған қатысушылар халықаралық чемпионатқа жолдама алады.

Нұртас Қайролдаев