«БЭСК»АҚ құрамындағы «Алтай аймағы» филиалына қарасты аудандық электр желісі қызметкерлері арасында кәсіби шеберлік сайысы басталды. Таврия оқу-жаттығу полигонында өтіп жатқан додада мамандар 0,4-10 киловольттық электр желілерін пайдалану және апаттық жағдайларда әрекет ету бойынша бақ сынауда.

Биылғы сайысқа өңірдің 11 аудандық электр желісінен құралған командалар қатысуда. Шараның мақсаты - энергетиктердің кәсіби біліктілігін арттыру, қауіпсіздік талаптарын жетілдіру және тәжірибе алмасу алаңын қалыптастыру. Мұнда мамандар теориялық білімін тәжірибемен ұштастырып, апаттық жағдайларда дұрыс шешім қабылдау дағдыларын шыңдайды.

Ерболат Әлпиев, «БЭСК» АҚ Алтай аймағы директоры:

Бұл шараның өтуне не себеп десеңіз. Айтадығой саперлар бір рет қателеседі немесе энергетиктер бір рет қателеседі деп. Сондықтан біз техника қауіпсіздігін жоғарғы сапада ұстауымыз керек. Сол мақсатта және халқымызға сапалы свет беруіміз керек және оны сапалы артыру үшін осындай жарыстардың керек ақ.

Амангелді Нұрғалиев, Облыстық ардагер энергетиктер алқасының төрағасы:

Біздің немен жүрмедік. Ат пен де, велосипетпен де жүрдік. Қазіргі заманда техника да озған, жігіттердің білімі де жетік. Халық та энергетиктерге үлкен сенім партып отыр. Талаптар да жоғары, мықты болып кетті қазіргі заманда сондықтан. Сайысқа қатысушыларға тілейтінім білімдерін ұштап, осы жерде маңызды түрде көрсетіп жеңіске жете берсін деген тілегім бар.

Кәсіби сайыстағы әрбір тапсырма – нақты өндірістік жағдайдың көрінісі. Сол себепті қатысушылардың тек білімі емес, шұғыл шешім қабылдау қабілеті, қауіпсіздік талаптарына жауапкершілікпен қарауы да бағаланады.

Мейіржан Қасымов, Бас төреші:

Бұл – 0,4 және 6-10 кВ электр желілеріне қызмет көрсететін электр жабдықтарының мамандары арасындағы екі күндік кәсіби сайыс. Негізгі мақсат – тәжірибе алмасу, жас мамандардың біліктілігін арттыру және кәсіби дағдыларды шыңдау. Қатысушылар 7 кезең бойынша сынға түседі.

Зайсан ауданының командасы бұл сайысқа тыңғылықты дайындықпен келген. Мамандар мұндай дода тәжірибені арттырып қана қоймай, күнделікті жұмыстағы кәсіби шеберлікті де шыңдайтынын айтады. Команда мүшелері әр кезеңде жоғары нәтиже көрсетуге ниетті.

Аслан Қалибаев, Зайсан аудандық электр желілерінің басшысы:

Былтырғы кәсібіи шеберлік сайыстарында 1 орын алғанбыз. Биыл да жақсы орындардан белсетерден көрінейік деп командамызбен дайындалып келіп тұрмыз. Осы жарыс біздің кәсіби шеберлікті арттыруға пайдасы зор. Теориялық практикалық өте көп білім аулға тырысамыз.

Жарыс қорытындысы бойынша үздік шыққан командалар республикалық кәсіби шеберлік сайысына жолдама алады. Бұл дода энергетика саласындағы ең мықты мамандарды анықтайтын маңызды кәсіби алаң саналады.