Облыстық әкімдікте өткен кеңейтілген жиында аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуы қаралды. Бұдан бөлек, аймақ басшысы Нұрымбет Сақтағанов төрағалық еткен отырыста төтенше жағдайлардың алдын алу мәселелері де талқыланды.

Облыста шомылуға арналған 23 арнайы аумақ белгіленген. Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, жаз мезгілінде құтқару бөлімшелері күшейтіліп, қосымша жылжымалы құтқару бекеттері іске қосылады. Бұл судағы қауіпсіздікті сақтауға және жедел әрекет етуге мүмкіндік береді.

Рашид Блялов, ШҚО ТЖД бастығы:

Рейдтік шаралар жүргізілуде. Су айдыны бізідң облыста көп. Сондықтан, біздің балансымызда дрон құрылғылары бар, жергілікті акиматтарда бар аудандардағы. Соларды қолданып рейдік жұмыстар жүргізіледі. Бүгінгі таңда су айдындарда жыл басынан бері 69 адам ереже бұзғаны үшін 1 млн астам айыппұл арқалады. Осы жұмыс 1 маусымнан бастап күнделікті күшейтілген түрде жүргіземіз.

Бұдан бөлек, өңірде алдағы күзгі-қысқы кезеңге дайындық жұмыстары басталды. Қазір жылу желілерін жаңғырту, қазандықтарды жөндеу және инженерлік инфрақұрылымды ретке келтіру бағытында ауқымды шаралар жүргізілуде. Жылыту маусымында 440 технологиялық бұзушылық тіркелген. Оның 421-і электр желілерінен болған жағдайлар. Билік өкілдері бұл көрсеткіштер өткен жылмен салыстырғанда төмендегенін атап өтті.

Наурызбай Сармурзин, облыстық энергетика және ТҮКШ басқармасының басшысы:

Өткен кезеңмен салыстырғанда жылу желілеріндегі бұзылушылықтар 12 жағдайға азайып, электр желілеріндегі бұзылушылықтар 14 жағдайға артты. 7 жобаны іске асыруды жоспарлап отыр.

Биылғы жөндеу жұмыстарына 28,3 млрд теңге бөлініп отыр. Ол қаражаттың жартысы 40 шақырымнан астам жылу желілерін жаңғыртуға бағытталмақ. Аймақ басшысы жауапты,органдарға тұрғындардың, әсіресе балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша бақылауды күшейту тапсырды.

Фатима Тілейханқызы