Дарынды балаларға арналған Білім-инновация лицейінде 2025–2026 оқу жылында республикалық және халықаралық деңгейдегі білім додаларында топ жарып, ел абыройын асқақтатқан оқушыларды марапаттауға арналған салтанатты кеш өтті. Жыл бойы ғылым мен білім бәйгелерінде биік нәтиже көрсеткен шәкірттердің жетістігін ұлықтаған игі шара ерекше әсерге толы болды.

Салтанатты жиынға лицей қауымдастығының өкілдері, ата-аналар, басқарма басшылары, ұстаздар мен оқушылар қатысты. Кеш барысында білім ордасының бір жыл ішінде бағындырған белестері баяндалып, халықаралық олимпиадалар мен республикалық байқауларда жеңіс тұғырынан көрінген дарынды жастардың еңбегі ерекше аталып өтті.

Рахман Оксюз, Білім-инновация лицейінің директоры:

Бұл балалардың ішінде Қазақстан құрама командасына шақырылған балаларымызда бар. Жаң бір оқушымыз Россияда өткен халықаралаық олимпиадада күміс медаль иеленді кеше хабар келді. Алдымызда 14-15 маусымда Европада өтетін халықаралық олимпиадағға жолдама алды.

Кештің көркін концерттік бағдарлама аша түсті. Өнерлі оқушылар сахна төрінде әуелете ән шырқап, күмбірлеген күй орындап, мың бұрала би билеп, көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Әрбір қойылым көрерменнің ыстық ықыласына бөленіп, білім мен өнер үндескен әсерлі кешке айналды. Бүгінде аталған лицейде 250-ге жуық бала білім алады. Солардың ішінде түрлі жарыстрдан орын алған 100-ден астам оқушы арнайы дипломдармен, алғыс хаттармен және естелік сыйлықтармен марапатталды. Білім бәйгесінде дараланған шәкірттердің бірі - Иса Қапашев. Ол биылғы оқу жылы жемісті болғанын айтты.

Иса Қапашев, Математика пәнінен облыстық олимпиада жеңімпазы:

Биылғы оқу жылы барлығымыз үшін өте керемет өтті. Жарысқа қатысқандар әр түрлі пәндер бойынша қатысты мен өзім математикпін. Облыстық олимпиададан бірінші орын алып, алдағы болатын республикалық жарысқа жолдама алдым. Ұстазадарым мен оқушыларға алдағы уақытта сәттілік тілеймін.

Ал бұл кеш - талапты жастардың талпынысын танытып қана қоймай, білімге ұмтылған жас буынға үлкен мотивация сыйлаған тағылымды шара болды.

Дәулет Шаяхметов, ата-ана:

2021 жылы ұлымыз осы БИЛ ға оқуға түсті, өте қуаныштымын. Біз үшін ерекше күн балам мектеп бітір жатыр. Бұл білім ордасының білімі өте терең. Әсіресе мына тәрбие жағынан бүкіл республикалық халықарылық деңгейде танымал мктептің бірі. Біз өте қуаныштымыз баламыз осы мектепті бітіріп жатқанына.

Бұл лицейде тек білімді ғана емес, өнерлі ұлдарда оқиды. Әсіресе ән-би мен квн сияқты жарыстарда да өнер көрсетіп, жоғары жетістіке жетіп жүрген жандарда бар.

Ербосын Қамажан, Жас түлек:

Жалпы біздің мектеп тәрбие мен білімнің ұштасқан ордасы. Білім алып қана қоймай, тәрбие жағынанда көптеген тәлімдер алдық. Осы лицейде оқығаннан бастап, КВН қүрамасындамын осында жүріп аймақтық жарыстарға да қатысып, орын алып, спорт жағынанда дамыдық.

Ел ертеңі болатын дарынды оқушылардың жеңісі мен жетістігі алдағы уақытта да жалғасын табарына сенім мол.

Нұрдәулет Қалибеков