Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Халық әуені» жобасы аясында Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрі мен классикалық жанрдағы солистері облысқа концерттік-гастрольдік сапарын бастады.Өнер ұжымының гастрольдік сапары тур Глубокое кентінен басталды.

«Халық әуені» жобасы — елдің мәдени кеңістігін дамытуға бағытталған маңызды бастама. Тур аясында кәсіби шығармашылық ұжымдар Қазақстанның өңір тұрғындарына жарқын концерттік бағдарламалар ұсынып, көрермендерді классикалық музыка өнерінің үздік туындыларымен таныстырмақ.

Дастан Ибрагимов, Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрінің бас дирижері:

«Біз осы тур үшін ең үздік туындыларды таңдадық. Моцарт, Франц Легар, Чайковский шығармалары, сондай-ақ қазақ композиторларынан— Құрманғазы мен, әрине, Абай шығармалары да бағдарламадан тыс қалмады.»

Концерт бағдарламасында әлемдік классика мен қазақстандық композиторлардың шығармалары орындалды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай гастрольдік турлар өңір тұрғындарына академиялық музыкалық өнерді жақыннан тануға мүмкіндік береді.

Серік Еркімбеков, ҚР еңбек сіңірген қайраткері:

Дархан дала деген әнімді Сырбай Мәуленовтың халық жазушысының ақынның сөзіне жазылған шығармалары орындалады. Бұл шаралар «Жаңа ғасыр, жаңа шаралар» конкурста бірінші орын алған. Сол уақыттан бері көп әншілер оны айтқан.

Жоба өңірлерде гастрольдік сапарын жалғастырады, тұрғындарға өнер әлемімен және жанды симфониялық орындаулармен танысуға мүмкіндік ашады. Алдағы концерттер-Қасым Қайсенов кенті мен Шемонаиха қаласында өтеді.

Аяулым Усинова