Өскеменде «Қазақстанның жаңа Конституциясы: институционалдық өзгерістер және құқықтық мемлекетті дамыту» атты ғылыми-тәжірибелік конференция басталды. Жиында қатысушылар конституциялық реформалардың іс жүзінде жүзеге асырылуы мен оның ел дамуына ықпалын талқылап жатыр.
Конференцияға қатысушылар конституциялық реформаның негізгі бағыттарын талқылады. Жиында сарапшылар институционалдық өзгерістерді, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру мәселелерін және конституциялық нормаларды іске асыру тетіктеріне тоқталды. Ғылыми-тәжірибелік конференция ашық пікір алмасу алаңына айналды.
Нұрымбет Сақтағанов, Шығыс Қазақстан облысының әкімі:
Ата заңымыздың негізгі мақсаттары – жеріміздің тұтастығын, еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігін қорғауға, азаматтарымыздың құқықтары мен бостандықтарын сақтауға айқындала түсті.
Ғылыми-тәжірибелік конференцияға еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының студенттері де қатысуда. Жастар үшін бұл – құқық саласындағы сарапшыларға өздерін толғандырған сұрақтарды тікелей қойып, конституциялық реформалар туралы кеңірек мәлімет алуға үлкен мүмкіндік.
Гүлмира Байркенова, заң ғылымдарының кандидаты:
Бүгінгі ғылыми-тәжірибелік конференцияның мақсаты – жаңа Конституцияда қарастырылған институционалдық өзгерістердің маңызын халыққа және студент жастарға түсіндіру. Сонымен қатар бұл реформалардың қазақстандық қоғамға, әсіресе жастарға қандай әсері болатынын кеңінен баяндау өтіп жатыр.
Қатысушылардың пікірінше, мұндай ғылыми-тәжірибелік алаңдар құқықтық мәдениетті нығайтуда маңызды рөл атқарады. Сарапшылар ғылым, билік және жастар арасындағы ашық диалог конституциялық реформаларды жүзеге асырудың жаңа тәсілдерін қалыптастырып, Қазақстандағы құқықтық мемлекетті одан әрі дамытуға ықпал етеді деп сенеді.
Фатима Тілейханқызы