Өскеменде «Жаңа Конституция және жастар» атты республикалық зияткерлік quiz-ойыны өтті. Ауқымды шараның мақсаты - заң қағидаларын жас буын арасында кеңінен насихаттап, құқықтық мәдениетті арттыру.
Интеллектуалдық додаға елдің бірнеше өңірінен дарынды жастар жиналды. Қатысушылар Конституция, жасанды интелллект, заң және мемлекеттік басқару тақырыптары бойынша білімдерін сынап, түрлі кезеңдерден өтті. Ойын барысында логикалық сұрақтар, тест сауалдары, талдау тапсырмалары қамтылды.
Аяулым Бақзорова, жарысқа қатысушы (Абай облысы):
3 курс студеттерімен бірге жиналып келген жайымыз бар. Осыған дейін оқу ордамызда жеке команда ретінде өзіміздің бағымызда сынап келдік. Бүгін республикалық деңгейдегі жаңа бір белесті бағындырмақшасымыз. Бұйырса жанымыздағы бәсекелестерге сәттілік тілейміз.
Әлішер Құмар, жарысқа қатысушы:
3, 4 жыл болды қатысып келе жатқанымызға, тәжіртбеміз мол. Келген командаларға сәттілік. Біз «Үш жүз» командасы болып жоғарғы орыннан көрінеміз деп ойлаймыз.
Шара аясында «Заң мен тәртіп» қағидаты кеңінен түсіндіріліп, құқық үстемдігін құрметтеу қажеттілігі айтылды. Сонымен қатар «Таза Қазақстан», «Әділетті Қазақстан», «Адал азамат» идеялары да назардан тыс қалмады.
Арман Жүнісов, ШҚО Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы:
Біз осында жастардың құқықтық сауатын артырып қана қоймай, ел болашығына деген жауапкершілікті нығайтатын маңызды алаң деп санаймыз. Заң мен тәртіпті құрметтейтін саналы ұрпақ Қазақстанның келбеті болып табылады.
Жүлде қоры 1,5 млн. теңгені құраған жарыста Абай облысынан келген құрама жеңімпаз атанды. Ұйымдастырушылар мұндай бастамалар алдағы уақытта да жалғасатынын айтады.
Бекарыс Секен