Өңірде болашақ чемпиондарды даярлайтын ерекше білім ордасы бар. Мұнда спортқа бейімі бар балалар 7-сыныптан бастап қабылданып, кәсіби деңгейде шыңдалады. Жүйелі дайындық, сапалы білім және қатаң тәртіп — бәрі үлкен спортқа жол ашады.
Бұл- Риддер каласының облыстық мамандандырылған олимпиадалық резерв мектеп-интернат-колледжі. Мұнда спортқа дарынды балалар еліміздің түкпір-түкпірінен жиналады. Қазірдің өзінде 99 оқушы Қазақстанның әр өңірінен келген.
Дамир Қабекесов, Риддер қ. облыстық мамандандырылған олимпиадалық резерв мектеп-интернат-колледжінің студенті:
БҚО Орал қаласында дүниеге келгем. Осы мектеп интренат колледжнда 6 жыл оқып келемін, сегізінші сыныптан бастап. Спорт жетістігім болса Қазақстан кубогінің жеңімпазымын және жастар арасындағы чемпионаттың жүлдегерімін осы жылы спорт шебері атағын алдым. Осы интернат колледжге келетін болсақ өте жағдай жасалған, айына степендиямызды аламыз.
Мектепте 10 сынып-комплект жұмыс істейді. Оның бесеуі мемлекеттік тілде, бесеуі орыс тілінде білім береді. Ал колледжде оқу толықтай орыс тілінде жүргізіледі.
Берікжан Кемербаев, Риддер қ. облыстық мамандандырылған олимпиадалық резерв мектеп-интернат-колледжінің директоры:
2025-2026 жылы мектепте 250 оқушы білім алады. 190 бала мектеп оқушысы, 60 коледж студенті. Олардың ішінде 115 бала Ридер қаласынан, ШҚО дан 35 бала 00.31. Скл 01.17 Спорттық бағыттар бойынша айтатын болсақ, 8 олимпиадалық спорт түрі бойынша жүргізіледі, 6 қысқы спорт түрі. Шаңғы жарысы фристайл, биатлон, сноуборд тау шаңғысы, шаңғымен секіру. Жазғы екі спорт түрі бар олар жеңіл атлетика және каное каяк слаломы.
Мектепті аяқтаған түлектер оқуын колледжде жалғастырып, «Дене шынықтыру және спорт» мамандығын меңгереді. Нәтижесінде «тренер-педагог» біліктілігін алып шығады.
Жібек Арманова, Риддер қ. облыстық мамандандырылған олимпиадалық резерв мектеп-интернатының оқушысы:
Интернатта оқып жатқаныма бес жыл болды. Қазақстанда эстафета ойындарында командалық 1,2,3 орындарым бар. Кандидат мастер спортамын. Биыл 11 бітіріп, колледжа тренерлікте қалам деген мақсатым бар.
Бүгінде бұл білім ордасында жоғары деңгейдегі спортшылар тәрбиеленуде. 2 халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 38 спорт шебері және 137 спорт шеберлігіне үміткер білім алуда. Олардың қатарында ел чемпионаттарының жеңімпаздары, халықаралық жарыстардың жүлдегерлері және әлемдік ареналарда бақ сынап жүрген жас спортшылар бар. Жыл сайын мектеп оқушылары ұлттық құрама сапында өнер көрсетіп келеді.
Нұрдәулет Қалибеков