Күннің көзі жылынғалы бала біткен далада ойнап, отбасымен табиғат аясына шығып, демалушылар саны артады. Осындай мезгілде қоршаған ортада түрлі жұқпалы аурулар тарататын жәндіктер де көбейеді. Дәрігерлер зиянкестерден жапа шекпеудің жолдары төңірегінде халыққа алдын-алу шараларын ұсынып отыр. Дегенмен, зиянкестерден жапа шеккендер де бар. 8 сәуірдегі жағдай бойынша, эндемиялық аумақтарда 16 адам медициналық көмекке жүгінген.
Шығыс Қазақстан облысында кене энцефалитін басталды. Мамандар өңірдің бірқатар аумақтары эндемиялық аймақтарға жататынын ескертеді. Глубокое, Зайсан, Алтай, Катонқарағай, Үлкен Нарын, Самар, Ұлан, Шемонаиха аудандары мен Риддер және Өскемен қалаларының маңайы кене қаупі жоғары өңірлердің қатарына жатады. Әсіресе, көктем-жаз мезгілінде кене шағу қаупі артады. Сондықтан мамандар қауіпсіздік шараларын сақтау маңызды екендігін айтады.
Сәуле Слямғазина, ШҚО бойынша санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары:
Қазіргі уақытта эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Эндемиялық аумақтардың медициналық ұйымдарында кене шағудан зардап шеккен адамдарға аурудың алдын-алу мақсатында қолданылатын кене энцефалитіне қарсы иммуноглобулин деген препарат бар.Оның қоры жеткілікті.
Өңірде кенеге қарсы өңдеу жұмыстары басталды. Олар екі кезеңде — көктем және күз мезгілінде жүргізіледі. Ал облыс орталығында Аблакетка, Согра, Ахмер, Меновное, Күленов кенттері мен Самсоновка, Новоявленка ауылдары. Бұдан бөлек, саяжайлар мен зират маңы өңделеді. Понтон көпірі аумағы, Самар тас жолы маңы және басқа да қауіпті учаскелер назарға алынған. Өңделген барлық аумақтарда ескерту тақтайшалары орнатылады.
Сәуле Слямғазина, ШҚО бойынша санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары:
Кенелердің тек қана кене рехицитозы, лайм ауруы сияқты жұқпалы аурулардың қоздырғыштарын тасымалдап қана қоймай, сілекейі ағзаға кері әсер етіп, иммунитетті әлсіретіп, аллергиялық реакцияны тудырады.
Ауырып ем іздеудің кебін кигенше, алдын-алу шараларын жүргізу қауіпті дерттен сақтайды. Дәріханадағы тауардың балығы дерлік кене шаққаннан қорғайды деп қорытынды жасау әбестік болар. Зиянкестерден қорғайтын дәрі-дәрмектер құрамында тиісті заттар болмаса, одан пайда жоқ. Алдын-алу препараттарын қолдансаңыз, залалсызданған сырт киіміңіз қорғаныштық қасиетін апта көлемінде жоғалтпайды. Бұл табиғат аясына еш қорқынышсыз шығып, зиянкестерден өзіңізді толыққанды сақтай аласыз деген сөз.
Аяулым Усинова