Өскеменде эстрада жұлдыздарының қатысуымен мерекелік кеш өтті. Сахна төрінде өнер иелері шығыс жұртына арнап жылы лебіздерін жеткізді. Ән мен әуенге толы кеш көрерменге ерекше көңіл-күй сыйлады.

Әнді жүрекпен айтып жүрекке жеткізе білетін әншілер шығыс жұртшылығын қуантты. Әуезді ән, күмбірлеген күй, мың бұралған бишілер кештің көркін кіргізді. «Алматы Әуендері» концерттік бірлестігінің қоюшы режиссері Дарын Қалибекұлының айтуынша, алдағы уақытта да мұндай гастрольдік сапарларды ұйымдастыру жоспарда бар. Халықтың көңілінен шығып, жанына махаббат сыйлау өнер адамының басты миссиясы.

Дарын Қалибекұлы, «Алматы әуендері» мемлекеттік концерттік бірлестігінің қоюшы режиссері:

Биыл Республика сарайына 55 жыл толып отыр. 55 жылдық аясында еліміздің біраз қалаларын аралап жатырмыз. Алматы әуендері шақырады атты бағдарламамен.

Талғамы биік көрерменнің айтуынша, концерт жоғары деңгейде өтті. Тамашалаған жандар шара соңына дейін көтеріңкі көңілде болды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай шаралар алдағы уақытта да жалғасын таппақ.

Сая Жарасқызы