Өскемендегі Үлбі өзенінің жағалауында да ауқымды экологиялық акция өтті. Еріктілер және қоғамдық ұйым өкілдерінен құралған белсенділер жағалау аумағын тазалап, өңірдің экологиялық жағдайын жақсартуға өз үлестерін қосты.

Жыл сайын өтетін акция барысында қатысушылар жағалауды қоқыстан тазартып, қоғамдық кеңістікті абаттандырды. Осылайша, облыс орталығының жастары жұмысқа зор ынтасымен қатысып, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қараудың үлгісін көрсетті.

Айдос Әділбеков, Облыстық жастар ресурстық орталығының директоры:

Мұндай экосенбіліктер тек қана облыс орталығында ғана емес, өңіріміздің барлық қала, аудандарында белсенді түрде жүргізілуде. Жалпы мұндай жұмыстар қала тұрғындарын бірлікке, олардың бірлесіп өздерінің ортасын, туған қалоасын таза ұстауға септігін тигізеді деген ойдамыз.

Экологиялық бастама тұрғындарды қоршаған ортаға ұқыпты қарап, туған өлкеге қамқорлық қажет екендігінің айқын көрінісі.

Ләйлә Төлеубекова, «Қазақстан Халық партиясы» ШҚОФ «Jas Orta» жастар қанатының жетекшісі:

 «Таза Қазақстан» акциясы бұл жалпыұлттық идеология. Барлық өңірлерде өткізілетін акция. Бір күндік акция ғана емес, жыл сайын әр сезон сайын өткізілетін идеология деп айта аламын.

Қала тұрғындары мен жастар тазалық жұмыстарында белсенділік танытып, жасыл желекті көбейтуге және халық арасында экологиялық мәдениетті арттыруға өз үлестерін қосты.

Аяулым Усинова