Облыс орталығында аймақ басшысы Нұрымбет Сақтағановтың қатысуымен ардагерлер ұйымының есептік конференциясы өтті. Жиында ұйымның атқарған жұмыстары қорытындыланып, алдағы кезеңге арналған міндеттер айқындалды.

Бүгінде ұйым облыс бойынша 120-дан астам ардагерді біріктіріп отыр. Олар қоғамдық өмірге белсене араласып, жүйелі жұмыс жүргізуде. Аймақта 3500 жалғызбасты ардагер үйде әлеуметтік қызмет алады. Жалпы, облыста 135 мың зейнеткер бар. Ал Ұлы Отан соғысының небәрі алты ардагері ғана қалған.

Нұрымбет Сақтағанов, Шығыс Қазақстан облысының әкімі:

Бүгінгі таңдағы еліміздің қарқынды дамып, толағай жетістіктерге жетуі сіздердің уақытылы қажырлы еңбектеріңіз. Бүгінгі күні сіздердің бірдік пен ынтымақ аясында жасап жатқан еңбектеріңіздің нәтижесі. Биылғы жылы референдум аясында үлкен ауызбіршілік көрсете білдік. Бұл шын мәнінде халқымыздың жарқын болашаққа деген сеніміздің бір айқын көрінісі.

Ардагерлер ұйымы жастар тәрбиесі мен қоғамдық тұрақтылықты нығайтуға белсенді үлес қосып келеді. Конференция барысында бұл бағыттағы жұмыстардың маңыздылығы ерекше атап өтілді. Бұдан бөлек, күн тәртібінде облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасын сайлау мәселесі де қаралды. Аймақ басшысы Айтқазы Шерубаевтың кандидатурасын ұсынды. Оны көпшілік бірауыздан қолдап, қайта төраға болып сайланды.

Айтқазы Шерубаев, Облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы:

Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары ішінде ардагерлер 26 пайыныз құрайды. Бұл деген үлкен күш. Прездиенттің бастамаларын «Таза Қазақстан» жаңа ата заңымызды біздің халқымыздың қамын ойлайтын заң екендігін дәлелдеу үшін күндіз түні аралап студенттермен, жұмысшылармен кездескен біздің ардагерлер. Сондай жұмыстар әлі алда. Біздің ең үлкен алға қойып отырған мақсатымыз жастарымыз елдің қамын ойлааса екен деп, оған біздің шамасыз келеді деп ойлаймын. Өйткені көңіліміз көтеріңкі, аспанымыз ашық, еліміз аман.

Ардагерлер - қоғамның алтын қазығы. Олардың тәжірибесі мен ақыл-кеңесі бүгінгі ұрпақ үшін қашанда маңызды. Жиын соңында облыс әкімі бірқатар ардагерге алғыс хат табыстады.

Бекарыс Секен