Облыс орталығында «Esirtkisiz Qazaqstan» республикалық жобасы аясында «MEET UP» форматындағы стратегиялық сессия ұйымдастырылды. Жиынға жоғары оқу орындарының, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушылары қатысты. Шара барысында сала мамандары мен жастар өзекті мәселелерді талқылап, нақты ұсыныстарын ортаға салды.
«MEET UP» форматындағы стратегиялық сессияда жастар арасында есірткіге қарсы иммунитет қалыптастыру, құқықбұзушылықтардың алдын алу және «Заң мен тәртіп» қағидатын ілгерілету мәселелері жан-жақты талқыланды. Кездесуге 300-ге жуық студент, еріктілер мен жастар ұйымдарының өкілдері қатысып, алдын алу жұмыстарының тиімді тетіктерін саралады. Бұдан бөлек, қатысушылар өз ұсыныстарын ортаға салып, жаңа бастамаларды көтерді. Жиында құқық қорғау органдары мен азаматтық қоғам институттарының өзара іс-қимылын күшейту жолдарына ерекше назар аударылды.
Жандос Ақтаев, ҚР ІІМ есірткі құқықбұзушылықтарының профилактикасы кеңесінің төраға орынбасары:
Жалпы біз республикалық «Esirtkisiz Qazaqstan» жобасын бастадық. Осы ҚР мәдениет және ақпарат министрлігінің бастамасымен және президентіміз басып айтқан жалпы ұлттық есірткімен күрес қозғалысын бастадық. Осы жоба аясында үш жыл қатарынан біз Қазақстан бойынша фронт офистер ашып, оларға демеу беріп жатырмын. Осы күндері ШҚО форнт офистарына демеушілік беріп жатырмыз. Қазір біз облыс әкімшілігі қызметкерлерімен, полиция өкілдері, прокуратура және АФМ өкілдерімен бірге осы шамамен 300 жастармен кездесіп, профилактика мәселесі бойынша талқылап, MEET UP жүргіземіз.
Жиын барысында сала мамандары жастарға есірткінің зияны мен оның қоғамға тигізер кері әсері туралы нақты деректер келтірді. Сондай-ақ дропперлік, оңай табысқа жету жолдарының қауіптілігі және заң алдындағы жауапкершілік кеңінен түсіндірілді.
Ажар Айдарқызы, ЖОО студенті:
«Еsbol Qory» өткізген кішігірім сессиясына қатыстық. Алған деректеріміз өтек көп. Дроперлық жүйе туралы айтты және оңай ақша, есіркі қаншалықты қауыпты екені айтылды. Жастардың өмірін солармен құртып жатқаны туралы деректерді жеткізді. Жаңа Қазақстан және Қазақстанның болашағы барлығы жастардан басталатыны туралы тың ақпараттар берді бізге. Жалпы «Esirtkisiz Qazaqstan» болу үшін өз үлесімді қосамын. Осы мақсатта жұмыс істеймін.
Саят Жантыкеев, ЖОО студенті:
Есірткі жайлы көптеген мәліметтер алдық «Еsbol Qory». Бұл жерде көптеген видеолар және мәліметтер алдық. «Esirtkisiz Qazaqstan» қолдаймын.
Айта кетейік, «Esirtkisiz Qazaqstan» жобасы елімізде есірткіге қарсы күресті күшейтуге бағытталған. Жоба аясында өңірлерде фронт-офистер ашылып, жастармен жүйелі түрде профилактикалық жұмыстар жүргізілуде.
Нұртас Қайролдаев