Жергілікті атқарушы органдардың әдеп жөніндегі кеңесі өтті. Жиынға қатысушылар өткен жылда атқарылған жұмыстарды қорытындылады. Күн тәртібіне сәйкес сұрақтар мен тәртіптік істер де қаралды. Әдеп жөніндегі кеңестің негізгі міндеті - мемлекеттік тәртіпті нығайту және қызметтік әдеп нормаларын бұзудың алдын алу.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша облыста мемлекеттік қызметшілерге қатысты шағымдар едәуір азайған. Сарапшылар бұл жемісті жұмыстың нәтижесі екенін айтады. Құқық бұзушылықтың алдын алу, азаматтардың өтініштерін қарау және қызметтік әдеп нормаларын түсіндіру бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде. Бұл мемлекеттік органдарға деген азаматтардың сенімін нығайтуға жол ашпақ. Сондай-ақ, мемлекеттік аппараттың ашық әрі жауапты жұмыс істеуін қалыптастыруға ықпал етеді.

Мира Беккужина, Облыс әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі:

2025 ж арналған көшпелі іс-шараларына сәйкес мемлекеттік қызметшілермен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Әдеп жөніндегі уәкілдер тұрақты негіздегі мемлекеттік қызметшілер арасында моральдық әдептік құндылықтарды нығайтуға және тұтастай иммиджін көтеруге бағытталған түрлі іс-шаралар өткізеді.

Ашықтық пен әділдік - әдеп жөніндегі уәкілдердің басты ұстанымы. Мәселен, егер лауазымды тұлғаның табысы мен өмір сүру салты сәйкес келмесе, бұл міндетті түрде назарға алынып, тексерілуі қажет. Бұл сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға ықпал етпек.

Архат Бейсембаев, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ШҚО бойынша департаментінің бас маманы:

Біз бүгінгі кездесуімізді бүкілмемлекеттік басқару жүйесінің терең трансфармациялау кезеңінен бастап отырмыз. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырпу функциялары енді мемлекеттік қызмет істері агенттігіне шоғырланды.

Аталған жиын ашық диалог құруға және бақылауды күшейтуге бағытталған.

Сая Жарасқызы