Жаңа Конституция жобасын аймақ тұрғындарына түсіндіру жұмыстары жүйелі жүргізілуде. Еңбек ұжымдарында ауқымды ақпараттық-түсіндіру шаралары өтуде. Өңірлік коалиция мүшелері елдің маңызды құжатының негізгі ережелерін жан-жақты түсіндіріп жатыр
Жиында медициналық мекеме қызметкерлері жаңа Конституция жобасындағы жаңашылдықтармен танысты. Кездесудің ашық форматта өтуі тек ақпарат беруге ықпал етіп қана қоймай, сүбелі сұхбат құруға да жол ашты.
Гүлмира Сағидуллина, өңірлік коалиция мүшесі:
Жаңа Конституция жобасында қарастырылған маңызды мәселелердің бірі – отбасы және неке мәселесі. Жаңа заң жобасында неке ерікті түрде құрылатын одақ екені нақты көрсетілген. Қоғамда түрлі келеңсіз жағдайлар кездесіп жатқанын ескеретін болсақ, мұндай өзгерісті енгізудің маңызы зор.
Өңірлік коалиция мүшелері жаңа Конституция жобасын еңбек ұжымдары арасында талқылау әрі оны түсіндіру жұмыстарын жалғастыра бермек.
Сая Жарасқызы