С. Аманжолов атындағы ШҚ университетінде облыс әкімі Нұрымбет Сактағанов шағын және орта бизнес, агроөнеркәсіптік кешен және білім беру саласының өкілдерімен келелі кездесу өткізді. Кездесу барысында жаңа Конституция жобасының ережелері мен алдағы республикалық референдум жайында сөз болды. Қатысушылар негізгі өзгерістерді талқылап, оның өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпалын, сондай-ақ стратегиялық шешімдерді қабылдауда азаматтық қоғамның рөлін талқылады.
Кездесу ашық форматта өтті. Қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ұсыныстарын білдірді. Өзекті мәселелерді көтерді.
Нұрымбет Сақтағанов, Шығыс Қазақстан облысының әкімі:
Жаңа Конституцияның жобасы шын мәнінде қоғамның сұранысынан, заман талаптарына сай әзірленген. Мемлекеттік құқықтық негіздерін жаңғыртуға бағытталған жаңа мазмұн мен мағынаға ие маңызды құжат Ата заңымыз. Жаңа Конституция мәтінінің негізгі ерекшелігі онда адам құқықтарына басымдық берілуінде. Атап айтқанда адамның құыққытары мен бостандықтары тек жаңа приамбулада ғана емес, сонымен бірге толықтай Конституцияның маңызды басымдықтары мен мәндік тірегіне айналды. Адам капиталының білім, ғылым, мәдкениет пен инновацияның дамуына ерекше көңіл бөлінді. Бұл мемелекет болашағының минералдық ресурстарымен табиғи байлықтарға емес, адам капииталы мен азаматтардың жетістігіне байланысты екенін көрсететін шешуші бағыт.
Педагогикалық қауымдастық өкілдерімен жеке кездесу өтті. Оған салалық басқармалардың басшылары, өңірдегі мектептер мен колледждердің директорлары қатысты.
Маржан Жакина, Дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатының директоры:
Кездесу барысында Конституцияның, заңның, тәртіптің, білім саласындағы қолжетімділік туралы айтылды. Жалпы мен ойлаймын Кездесу өте сапалы, білім саласы қызметкерлері мен ұстаздар қауымына өте пайдалы өтті.
Осындай тағы бір кездесу кәсіпкерлер мен агроөнеркәсіптік кешен өкілдерінің басын қосты. Жиналғандар кәсіпкерлерге көрсетілетін мемлекеттік қолдау шаралары мен өңір экономикасының дамуына серпін беретін тың идеяларын ортаға салды.
Әлия Көңілханқызы, жеке кәсіпкер:
Жаңа конституцияға қатысты өзгерістер өте қажет қазіргі таңда. Себебі, осы Конституция ішінде жалпы ең негізгі дүние бұл жерде құндылық, адами құндылық. Бұл жерде саналы ұрпақ, отбасы. Отбасы құндылықтары, жауапкершілік деген дүние бірінші орынға шығып отыр. Бұл өте қазіргі таңдаа бізге қажет дүние. Өйткені, алпауыт елдердің ортасында отырған Қазақстанның жаңа бір белеске бір серпіліп шығуға бұл жаңа Конституциялық өзгерістер өте қажет болады.
Қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, тиісті жауап алды. Сонымен қатар ойларын ортаға салды. Мұндай кездесулер алдағы уақытта да жалғасын табады.
Салтанат Кеңесбекқызы