Қасым Қайсенов кентіндегі балалар музыка мектебінде «Алғысқа толы жүрек, мейірімге толы әлем» атты мерекелік шара ұйымдастырылды. Алғыс айту күніне орай өткізілген шарада аудан тұрғындарына Жаңа Конституция жобасын түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Шара барысында тұрғындарға Жаңа Конституция жобасы түсіндірілді. Қатысушылар өз құқықтары мен міндеттері туралы ақпарат алып, конституциялық нормаларды сақтаудың маңыздылығын білді.

Бақытжан Аханова, Ұлан ауданы Балалар музыка мектебінің директоры:

Шараның барысында ата-аналар, зиялы қауымдар жиналып отыр. Бүгінгі шараның негізігі мақсаты – халықты бірлікке шақыру. Еліміздегі ынтымақтастық, бірлікті барлығымыз жұмыла ұстайтын болсақ, онда еліміздің туы да желбірейді, бақытты өмір сүреміз. Ынтымағымыз бірге болады. Қасиетті Рамазан, Ораза айына биылғы референдум тұспа-тұс келіп тұр. Бұлда бір Қазақстан еліне деген жақсылықтың нышаны деп есептеймін.

Тағылымды шара тұрғындарға ерекше мерекелік көңіл күй сыйлап, ризашылық пен мейірімге толы атмосфера қалыптастырды. Шараға қатысушылардың айтуынша, Ата заңды заман талабына сай жаңарту – мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіріп, билік тармақтарының тепе-теңдігін күшейтуге мүмкіндік береді.

Бақытты Асаубаева, аудан тұрғыны:

Алдағы уақытта тарихи маңызы зор жаңа Ата заң қабылданғалы отыр. Соған байланысты бізде көптеген шара ұйымдастырылып жатыр. Насихат жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Алғыс айту күні қоғамдағы өзара құрмет пен сенімді нығайтып, қазақстандықтардың бірлік, татулық және өзара қолдау құндылықтарын дәріптейтін маңызды күнге айналды. Аталған мерекелік шара да осы игі дәстүрдің жалғасы ретінде ұйымдастырылды. Жиын қатысушыларына алғыс айту дәстүрінің маңыздылығы түсіндіріліп, әрбір адамның бір-біріне қамқорлық пен ізгілік танытуының қажеттілігі айтылды.

Мадина Мукарам, аудан тұрғыны:

Өтіп жатқан шара жоғарғы деңгейде өтіп жатыр. Барлығымызға ұнап жатыр. Бүлдіршіндеріміздің әр жасаған істері, дайындаған ән мен билері өте жоғары деңгейде.

Мәдени шараның мақсаты – қоғамда алғыс айту мәдениетін кеңінен насихаттау, азаматтарды игі істерге және бір-біріне ризашылық білдіруге үндей отырып, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту.

Фатима Тілейханқызы