23 тамызда елімізде Конституцияға сәйкес, жаңадан құрылған өкілді орган – Құрылтайдың сайлауы өтеді. Бұл – азаматтық қоғамның дамуына серпін беретін қадам. Сайлау кезінде халық өз атынан сөйлейтін және елдің дамуына қатысты шешімдер қабылдайтын өкілдерді таңдайды. Осылайша әрбір азамат елдің болашағына өз үлесін қосады. Әсіресе, жастардың сайлауға белсенді қатысуы маңызды. Бұл олардың азаматтық жауапкершілігін арттырып, мемлекеттегі демократиялық үдерістердің нығаюына ықпал етеді.

Айдос Әділбеков, облыстық жастар ресурстық орталығының директоры:

Ағымдағы жылдың 23 тамызында Қазақстан Республикасы Құрылтай депутаттарының сайлау алғаш рет өтетін болады. Бұл еліміз үшін маңызды сайлаулардың бірі. Өйткені, біз алғаш рет бір палаталы парлдамент депутаттарын сайлайтын боламыз. Бұл жерде еліміздің жастары қоғманың қозғаушы күші ретінде өздерінің конституциялық құқықтарын сақтай отырып, өздерінің сайлау учаскесіне келіп, дауыс бере алады.