23 тамызда елімізде алғаш рет Құрылтай сайлауы өтеді. Дауыс беруге тұңғыш рет қатысатын, яғни 18 жасқа толған жастарға ерекше көңіл бөлінуде. Осыған байланысты бүгінде жастар арасында ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл шараның мақсаты — жастарға азаматтық жауапкершілікті және Құрылтай сайлауының мән-маңызын түсіндіру.
Бақытжан Ербол, Өскемен қалалық мәслихатының депутаты:
Өздеріңіз білетіндей, 1 шілде Жаңа Конституция қабылданған болатын. Осы жаңа Конституцияға сүйене отырып, жаңа бір палаталы Құрылтай сайлауы өтеді. Мұның негізгі маңызы да осы. Бұл жердегі әрбір азаматтың пікірі, әр азаматтың таңдауы болуы керек. Қазір агитациялық үлкен компания жұмыс жасап жатыр. Әртүрлі бағдарлама түсіндіріліп жатыр. Осыған орай, әр азамат өзінің саналы таңдауын жасайды деп ойлаймын. Жастар мен де ақпараттық жұмыстар жүргізіп жатырмыз.