Жұмысшы мамандықтар жылы аясында елдің әр өңірінен жиналған үздік студенттер Ұлан ауданында бас қосты. Саратовка ауылында орналасқан ШҚ көпсалалы колледжінде жастардың кәсіби біліктілігін шыңдауға бағытталған республикалық «VetPro» сайысы өтіп жатыр. Студенттер жеті практикалық модуль бойынша сынға түседі.
Ветеринария – ауыл шаруашылығының негізі. «VetPro» республикалық байқауы – жас мамандардың кәсіби шеберлігін шыңдап, аталған салаға қызығушылығын арттыруды көздейді.
Қатысушылар нақты клиникалық жағдайға бейімделген тапсырмаларды орындайды.Мал дәрігерінің күнделікті қызметімен бетпе-бет келеді.Әрбір тапсырманы орындау барысында уақыт пен дәлдік бағаланады.
Тараз инновациялық көпсалалы колледжінің үшінші курс студенті Едіге Өсер бұл сайысқа тыңғылықты дайындалған. Болашақ ветеринар осы сынды сайыстар арқылы кәсіби шеберлігімізді шыңдаймыз дейді.
Байқау аясында ветеринария мамандығы оқытушыларына семинар ұйымдастырылды. Оқытушылар білім беру үдерісіне жасанды интеллект мүмкіндіктерін енгізу жолдарын меңгерді.
«VetPro» байқауы тек сайыс ғана емес, болашақ мамандар үшін білімін шыңдап, өзара тәжірибе алмасуға мүмкіндік беретін алаңға айналды.