Облыс орталығындағы қоғамдық көлік автопаркін жаңа автобустармен қамту жұмыстары жалғасып жатыр. Мәселен, биыл 51 үлкен және 30 шағын автобус сатып алу көзделген. Бұдан бөлек, трамвай желісін де жаңғырту жоспарланған. Қоғамдық көлік саласындағы өзге де жаңашылдықтар жайлы әріптесім тарқатсын.

Биыл Өскемендегі автобус паркі жаңа көлктермен толығады. Игі бастама өткен жылдан бері іске асырылып келеді. Ағымдағы жылы бастаманы жалғастыру көзделген.

Қоғамдық көліктің жаңартылып жатқаны көңіл қуантатын жайт. Дегенмен, бұл салада өзекті мәселе жоқ емес. Ең басты проблема кадр тапшылығы. Нақты айтсақ, автобус жүргізушілері жетіспеушілігі бар.

Орталық басшылығы маман жетіспеушілігі алдағы уақытта игі шешімін табарына сенімді.Ал қоғамдық көліктерді жаңарту субсидия арқылы маусым айына дейін іске асырылмақ.