Өскеменге ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің кеңесшісі Руслан Емелбаев келді. Ол сапар барысында өңірдегі мектеп бітіруші түлектермен кездесті. Кездесуде ведомство өкілі жоғары білім, еңбек нарығындағы тенденциялар және алдағы ҰБТ-ның негізгі аспектілеріне тоқталды.
«Менің таңдауым» атты шара С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің ұйымдастыруымен жүзеге асты. Кәсіби бағдарлау шарасы биыл екінші мәрте өткізіліп отыр. Жиынға облыстың 8 ауданы мен қала мектептерінен 750 талапкері қатысты.
Шара аясында пәндік олимпиадалар жеңімпаздарына, «Алтын белгі» иегерлеріне және көпбалалы отбасылардан шыққан балаларға С. Аманжолов атындағы ШҚУ-да тегін білім алуға грант сертификаттары табысталды. Кездесу барысында мектеп бітіруші түлектер болашақ мамандықтары бойынша өздеріне құнды ақпарат алды.
Жиында ЖОО-ның студенттері іс-тәжірибелерімен бөлісті. С. Аманжолов атындағы ШҚУ-да білім алып жатқан Аймарал Мадетберген бұл білім ордасын таңдағаным үшін өкінбеймін, дейді.
Биыл түлектерге грантқа түсу үшін екі рет мүмкіндік беріледі. Негізгі Ұлттық біріңғай тестілеу мамыр-маусым айларында өтеді. Ал, ақылы оқуға түсу үшін үш мүмкіндік беріледі.