Өңірде Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай ақын шығармашылығын дәріптеу мақсатында челлендж басталды. #Abaitalks аталған бастаманы қалалық жастар ресурстық орталығы ұйымдастыруда. Мақсат – ұлы ақын мұрасын дәріптеп, жастар арасында кеңінен насихаттау.

Шығысқазақстандық өрендер Абай мұрасын заманауи үлгіде танып-білуге ден қоя бастады. Жаңа жоба аясында жастар өзара ой алмасып, ақын мұрасын түрлі қырынан зерделеуде. Әдебиетті серік еткендер үшін бұл – нағыз шабыт алаңы, дейді ұйымдастырушылар.

Әмина Бақытбекова, Өскемен қ. Жастар ресурстық орталығының маманы:

Жастардың талпынысы жақсы. Қаншама жастар, шығысқазақстандық, өскемендік жастар челленджге қатысып жатыр. Енді барша шығысқазақстандық жастар оның арасында волонтер жастар, дебат ұйымдастырушы жастар және өзге де белсенді жастар қатысып жатыр. Бұл челлендж жалпы жыл көлемінде өтетін болады. Қазір тамыз айының басынан бастап өткізіп жатырмыз. Челлендждің құрылымында әртүрлі жұмыстар жүргізіп жатырмыз. Мәселен алатын болсақ Абай туралы «Абайды таны» атты сауалнама, жастар сауалнамасы, әлеуметтік.

Леонард Острокостов – Абай шығармашылығына ғашық жастардың бірі. Ол ақын әндерін нақышына келтіре орындап, өз көзқарасын өнер арқылы жеткізген. Көпшілікті челленджге атсалысуға үндеген жас буын ақын мұрасына жаңаша серпін беру маңызды, дейді.

Леонард Острокостов, челленджге қатысушы:

Ұлы ойшыл Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналған челлендж қатысушыларының арасында мен де бармын. Абайдың «Көзімнің қарасы» әнін шырқадым. Ақынның шығармашылығымен жақсы таныспын, бұдан да басқа өлеңдері мен қара сөздерін жетік білемін. Өзім сияқты жастарды дәл осы челленджге қатысуға шақырамын. Бұл бастама жастарды біріктіретіні анық.

Қара сөз бен көркем ойдың иесі Абай Құнанбайұлының мол мұрасы – бүгінгі буын үшін сарқылмас байлық. Ұлы ақын аманатын дәріптеу – әр ұрпақтың борышы. «Abaitalks» челленджі арқылы Абайдың шығармашылығы жастар жадында мәңгі сақталмақ.


Дидар Ерболатқызы