Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2022 жылдан бері өңірде пайдаланылмай жатқан жерлерді мемлекет меншігіне қайтару жұмыстары қарқынды жүргізіліп келеді. Бұл шара табиғат ресурстарын тиімді пайдалануға және елдегі аграрлық секторды қолдауға бағытталған. Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен жиында қандай өзекті мәселелер талқыланды. Рет ретімен сюжеттен көрелік.
Жыл соңына дейін шамамен 2 миллион игерілмеген ауыл шаруашылығы жерін мемлекет меншігіне беру көзделуде. Бос жатқан алқаптарды қайтару жұмысы өңірлерде жүйелі түрде жүргізілуде. Мәселен, аймақта бүгінге дейін 64 мың гектардан астам жер мемлекет меншігіне табысталған.
Надежда Михейлис, Облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы:
Қайтарылған жер телімінің 22 мың гектары – иелерінің өз еркімен бас тартуы арқылы, ал 41 мың гектары – жалдау мерзімінің аяқталуына байланысты. Аталған жер учаскелері қайтадан ауыл шаруашылығы айналымына енгізіледі.
2022 - 2024 жылдар аралығында жалпы көлемі 350 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылған. Оның 70 мың гектары ауыл шаруашылығы айналымына қосылды. Қырық мыңы халық қажеттіліне берілсе, қалғаны ауыл шаруашылығы мақсатында конкурстық негізде аграрлық кәсіпорындарға үлестірілді.
Игерілмеген жерді қайтару – өзекті мәселе. Ендігі міндет – әр алқапты мақсатқа сай пайдалану.
Дидар Ерболатқызы