Облыс орталығында екі мыңнан астам жұмыс істемейтін көше шамдары ауыстырылмақ. Бір жылдам астам уақыт бұрын орнатылғын жарықшамдар кепілдік бойынша қалпына келтіріледі. Ал ол үшін бірыңғай жөндеу қызметі іске қосылады.
Естеріңізге сала кетейік, Өскемен мен Семей қалаларын жарықтандыру үшін 5 млрд. теңгеге жуық шам сатып алынған болатын. Сала мамандары жарықшамдар тозығы жеткен электр желілеріне байланысты жарамсыз болып қалғанын айтады. Сол себепті Өскеменде шамамен 60 шақырым кабельдік желілер мен 2 мыңға жуық тіректерді ауыстыру жоспарланған.
Ендігі мақсат біріңғай диспетчерлік орталықты іске қосу. Бұл жүйе шамдарды қашықтықтан және топтық немесе нүктелік басқаруға, икемді күңгірттеу кестелерін жасауға, шамдарды қосу және өшіру кестесін құруға мүмкіндік береді. Мамандар осылайша электр энергиясын барынша үнемдеуге жол ашылады деп отыр. Бұдан бөлек, әрбір шамның жай-күйін бақылауда ұстауға болады. Жоба толық іске қосылғаннан кейін электр энергиясын үнемдеу көрсеткіші 60% - ға жетеді.
«Digital security» ЖШС компаниясы жыл соңына дейін өздеріне тиесілі көшелерді толық жарықтандырамыз деп отыр.