Өскемен әкімі Жақсылық Омар Северный кентінің тұрғындарымен кездесті. Кент тұрғындары қала басшысына өздерін толғандырған сауалдарын қойып, түйіткілді мәселелерді жіпке тізіп берді. Шаһар басшысы өз кезегінде алдағы уақытта іске асырылатын бастамаларға тоқталды.
Кент тұрғындары Өскемен әкіміне жол, көшені жарықтандыру сынды мәселелерді тез арада шешу қажеттігін айтты. Бұдан бөлек, қыс мезгілінде мұнда қартазалау жұмыстары да сапалы жүргізілмеген көрінеді. Әр салаға жауапты бөлім басшылары да бұл кездесуге қатысты. Тұрғындар қордаланған мәселеге бей-жай қарамау керек деп отыр.
Қала әкімі халықпен кездесуде мұнда іске асырылатын жобаларға тоқталды. Тұрғындар тарапынан көтерілген мәселе орынды екенін айтты. Сондықтан салаға жауапты мамандарға орын алған олқылықты тез арада ретке келтіруді тапсырды.
Биыл кенттегі Невская,Первомаяская көшелері ретке келтіріледі. 15 жарықшамы орнатылады.