Облыс әкімі ҚР-ның Адам құқықтары жөніндегі уәкілі Артур Ластаевпен кездесті. Кездесу барысында облыс әкімдігі мен Адам құқықтары жөніндегі уәкіл арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Меморандумның мақсаты – адам құқықтары мен бостандықтарын сақтау және қорғау.

Тараптар құқық қорғау институттарының әлеуетін күшейту әдістерін қарастырды. Аймақ басшысы Ермек Көшербаев халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру мәселесін мектеп қабырғасынан қолға алу керектігін айтты. Жас ерекшеліктеріне байланысты әр сыныпқа адам құқықтары жөнінде түсінік қалыптастыратын арнайы Жол картасын әзірлеуді ұсынды.

Жиын барысында Артур Ластаев Шығыс Қазақстанда адам құқықтарын қамтамасыз ету бағытында ауқымды жұмыстар атқарылып жатқанын атап өтті.

Айта кетейік, меморандум аясында Шығыс Қазақстанда кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының, психикалық денсаулық орталығының құрылысы да талқыланды. Сондай-ақ тергеу изоляторын жаңарту жоспарлануда.