Риддерде мағынасы терең муралдар қатары артып келеді. Қала көркінің заман талабына сай түрленуі көңілге қуаныш сыйлайды, дейді тұрғындар. Зәулім ғимараттардың бүйіріне бейнеленген таңғажайып суреттер санын жергілікті билік өкілдері арттыруды көздеп отыр. Бұл жолығы муралдардың бірі Абай Құнанбаевты ұлықтау мақсатында салынса, енді бірі қысқы спорт түрімен айналысатын аймақ спортшыларына арналған.

Муралдардың салтанатты ашылу салтанатынан кейін Өскемен және Зайсан қалаларында өткен ХХІІ халықтық спорт ойындарында жүлдегер атанған Риддерлік спортшыларды марапаттау рәсімі өтті. Бұл сайысқа кеншілер қаласынан 134 спортшы қатысқан. Халықтық спорт ойындарының жүлдегерлері бағалы сыйлықтармен мадақтама қағаздарымен марапатталды.