Ақжар ауылында газоблок шығаратын өндіріс орны жұмыс істеп тұр. Мұнда күніне 240-қа жуық құрылыс материалы дайындалады. Қазір зауыт өнім көлемін арттыруды қолға алған.

Кәсіпорында 6 адам тұрақты жұмыс істейді. Өндіріс орны болашақта жұмысшылар санын арттыруды жоспарлап отыр.

Ерік Нұрмұханбетов, «Ивега» ЖШС өндіріс жөніндегі шебері:

Ақжар ауылындағы өндіріс заводында тұрмыз. Енді Ерік мырза айтыңызшы бір газоблок қалай жасалады? Бізде бірінші 120 кг құм бірінші бункерге түседі, екінші құм барады да екінші бунтерге түседі, екінші бунтерден миксерге түседі, миксерден араласып екеуі жаңағы химикаттар бар соны саламыз, міне құйылуы. Жалпы бір газоблок шығу үшін қанша уақыт қажет етеді? 5 минут, біз цементтін бәрін істегенше 5 минут уақыт кетеді. Күніне қанша газда блок шығады? Күніне 240 шығарамыз, енді жоспарда бар 500 мыңға дейін апаруға.

Алдағы уақытта өндіріс көлемі де, жұмыс күші де ұлғаяды. Бұл ауыл тұрғындарына жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді.

Жанар Тұрысбекова, «Ивега» ЖШС директорының орынбасары:

Қазір енді кірпіштер жасауда 2 смена болуы керек, оншақты адам аламыз деп отырмыз. Құдай қаласа енді 5 мың кірпіш құйып тастадық 1 ай ішінде, әлі де көбейтеміз деген ойдамыз.

Тәуке ауылында жаңа асфальт зауыты іске қосылады. Өндіріс орнында жоспар бойынша тәулігіне 1500 тонна өнім өндіріледі. Бұл жоба - Тарбағатай ауданындағы жолдарды жөндеуге бағытталған.

Мират Мақадиев, Асфальт зауытының директоры:

Бұны сағатына 80 тонна, суткасына алсақ 1500 тонна шығарамыз. Қазір 22 адам жұмыс істейді. Тарбағатай жолдарының бары асфальттаймыз, сол үшін істеп жатырмыз.

Өндіріс орнының құрылысы қытайдан арнайы келген мамандармен бірлесіп жүзеге асырылуда.

Лию Иан Фый, «Hongjian machinery» компаниясының өкілі:

Мен Қытай елінен келген техникалық инженермін. Қазақстанға келу себебім асфальт зауытын тұрғызуға септігімді тигізу. Бұл өндіріс орнының болашақта өнімділігі жоғары болады.

Жергілікті жұмысшылардың айтуынша, бұл зауыт шалғайдағы елді мекендердің дамуына да ықпал етеді.

Аян Иісов, жұмыскер:

Қуанып жатырмыз, осындай дүние салына берсе, іске қосып, ауылдың жолын асфальттап, ауылды көркейтіп, жақсартсақ деген ойымыз бар. Соған ат салысып жатырмыз. Осындай заводтар көбірек салынып, ауылдың жастарын жұмысқа тартып. Мына біздің ауылдың іргесінен ашып жатқанына қуанып жатырмыз. Өзіміз соған ат салысып жатырмыз.

Жаңа зауыт - тек өндіріс үшін емес, жергілікті халық үшін жаңа мүмкіндік. Мұнда жұмыс орындары ашылып, ауыл жастары тұрақты табысқа ие болуда. Техникалық жағынан толық жабдықталған нысан - шетелдік және отандық мамандардың бірлескен еңбегі. Ендігі мақсат - жолдарды сапалы төсеу және жобаның тиімділігін арттыру.


БЕКАРЫС СЕКЕН