Облыстық ТЖД мен Полиция басқармасы бірлесіп, профилактикалық рейд ұйымдастырды. Мақсат —арнайы жедел қызмет ету көліктеріне жол бермейтін жүргізушілерге ескерту жасау.

Рейдке шыққан полиция қызметкерлері өрт сөндіру көліктеріне жол бермегендерге мониторинг жасап, ескерту берді. Тексеріс нәтижесінде бір жүргізуші төтеншеліктерге жол бермегені анықталып, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 598-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Марина Лискова, ШҚО ТЖД баспасөз хатшысы:

Өрт сөндірушілер үшін әрбір секунд маңызды. Адам өмірі мен денсаулығы олардың оқиға немесе өрт орнына шұғыл жетуіне тікелей байланысты. Алайда, өкінішке қарай, көптеген жүргізушілер арнайы көліктерге жол бермейді. Рейд барысында жол ережесін бұзғандар тіркелді.

Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, жыл басынан бері дәл осы бап бойынша 6 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Қайрат Елубаев, Өскемен қ. Полиция басқармасының патрульдік полиция батальонының инспекторы:

2025 жылдың басынан бастап қазіргі уақытқа дейін 6 жүргізушіге хаттама толтырылып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 598 баптың 1 тармағында. Өрт сөндіру көлігіне жол бермей қою кезінде... бірінші тармағында.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті мамандарының айтуынша, өрт сөндіру көлігіне жол беру – заң талабы ғана емес, төтенше жағдайлар мен адам өмірін сақтауға үлес қосу екенін ескертеді.


Фатима Тілейханқызы