Өскеменде Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің қабырғасында «Мен және заң» атты облыстық байқау өтті. Сайыс Шығыс Қазақстан облыстық прокуратурасының қолдауымен ұйымдастырылған. Мақсат – өскелең ұрпақтың заңға деген құрметін, құқықтық сауаттылығын және азаматтық белсенділігін қалыптастыру.
Байқауға мектеп оқушылары мен колледж студенттерінен құралған 14 команда қатысты. Олар өз өңірлеріндегі құқық бұзушылықтарға қатысты өзекті мәселелерді қозғады. Жастар буллинг, сыбайлас жемқорлық, ұрлық, отбасылық зорлық-зобылық пен көше қылмыстары сынды тақырыптарын би, театралдық қойылымдар, поэзия мен ән арқылы көрерменге жеткізді.
Ерлан Бұланбаев, ШҚО прокурорының орынбасары:
Облысымыздың әр ауданынынан 200 дей адам жиналып отыр. Жасөспірімдердің қойылымдарын тамашалап, баға береміз. Жүлдегерлерге және қатысушыларға біздің әзірлеген арнайы силықтарымыз бар.
Виктор Подрезов, қазылар алқасының мүшесі:
Бұл – жастар ғой, көңілді, белсенді. Олар бізге өз өңірлерінің құқықтық ерекшеліктерін көрсетеді. Сонымен қатар олардың актерлік қабілеттері, көркемдік дарыны, сөйлеу мәнері, костюмі, өздерін сахнада ұстауы – осының барлығы бағаланады. Бұл – үлкен байқауға тән ортақ талаптар
Қатысушылар көркем өнер арқылы заңға немқұрайлы қарамауға шақырып, құқықтық нормаларды сақтаудың маңыздылығын атап өтті.
Жансұлу Төлегенова, мектеп оқушысы:
Біз Зайсан ауданынан Заң және Тәртіп... аламыз деп үмітенеміз
Байқау қортындысы бойынша үздік үш команда анықталды. Үшінші орын Глубокое ауданының «Жол сақшылары» командасына бұйырды. Ал Өскемендік «Құқықтық патруль» командасы екінші орынға табан тіреді. Бірінші орынды Ұлан ауданынан келген «Ер-Қасым» командасы қанжығаға байлады.
НҰРТАС ҚАЙРОЛДАЕВ