Шығыстағы Өскемен-Шемонайха және Ресей шекарасына дейінгі халықаралық автокөлік жолын жөндеу биыл да жалғасады. Өйткені былтыр жұмысты бастаған мердігер компания аяқсыз қалдырған. Сондықтан өткен күзден бері астаң-кестеңі шыққан жолды жөндеу биыл басқа мердігерге тапсырылды. Жалпы өңірде осы жазда қанша шақырым жол жөнделетінін және оның қазіргі қарқынын тілшіміз білуге тырысты.

Өскемен–Шемонаиха аралығында көлік нөпірі өте көп.Әсіресе жазда. Тәулігіне аз дегенде ары-бері 3 автокөлік өтеді. Өйткені бұл бағыт екі облыстың орталығы мен аудан, ауылдың арасын ғана емес, Ресей шекарасын да байланыстырады. Бірақ әбден тозған. Жалпы 120 шақырым жолдың 93-і былтыр жөнделуі тиіс болатын. Алайда жауапты мердігердің жауапсыздығынан жұмыс аяқсыз қалды. Тіпті 15 шақырым жерге мүлде асфальт төселген жоқ. Енді сол жұмыс биыл басқа компанияға жүктелді.

Мирас Әлімғазин, құрылыс учаскесінің басшысы: 

Техниканың бәрі жеткілікті адам саны жа жеткілкті. Төрт бағытта жұмыс істеп жатырмыз. Осы маусымның соңына дейін бітуге тырысамыз. 

Сәуірден бері жолдың биыл жөнделетін бөлігінің астаңғы тағаны қазылып, реттелді. Бұрынғы ескі асфальт толық алынып ол қайта өңдеуге жіберіледі.

Халықаралық маңызға ие бұл жол таулы-қырат және ойпаңмен өтеді. Сондықтан төселетін әр материал жіті тексеріледі. Қазір екі қабат асфальт төселіп жатыр.   

Әлібек Кәрібаев, мердігер компанияның бас инженері: 

Күнделікті қасымызда тапсырыс берушілер,содан кейін зертхана келіп күнделікті сынамасын алып жолдың асфальттың темпратурасын өлшеп отырады. Мұның кепілдігі енді 4-5 жыл. Жолды істегеннен кейін пайдалануға бергеннен кейін қадағалап, бақылап отырамыз.

Алмас Қасенов, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ ШҚОФ директорының орынбасары: 

Үш жүз отыз үш шақырымда жалпы өзіміз тұрған Өскемен-Шемонайха жалпы биылғы жылға 96 шақырым және Өскемен-Риддер бағытына 75 шақырым және Өскемен-Алтай бағытына 160 шақырым орташа жөндеу жоспарланған. Қазіргі уақытта барлық нысандарда мердігер анықталып, барлық бағытта қүрылыс жұмыстары басталды.

Биыл барлық бағыт бойынша жөнделіп жатқан жолдағы жұмыс күзге дейін аяқталуы тиіс. Мердігерлер де межелі мерзімде міндеттерін орындауға мүдделі. Өйткені былтыр өңірде өз міндетін дұрыс атқармаған екі ірі компанияның басшысы жауапкершілікке тартылды. Олар соттың шешімімен бюджетке 2 миллиард теңге қайтарды.  

Гүлдана Айдарқызы