Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні қарсаңында өңір журналистеріне қаламды қаруға, қағазды саптық жарғыға айрбастады. Ұлттық ұланның «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы ерекше сайыс ұйымдастырып, онда БАҚ өкілдері бірқатар сынақтардан өтті. Осылайша, олар өз тәжірибелері арқылы ұландықтардың қызметі қаншалықты күрделі әрі жауапты екенін сезініп, әскери өмірдің қыр-сырымен жақынырақ танысты.
Қатысушыларға әскери дайындық элементтеріне барынша жақындатылған бірнеше сынақтан өту тапсырылды. Олар автоматты бөлшектеп-жинау, шартты түрде жараланған жауынгерді тасымалдау, спорттық эстафеталар мен төзімділікті талап ететін тапсырмаларды орындады. Әрбір кезең қатысушылардан тек жақсы дене дайындығын ғана емес, сонымен қатар жедел шешім қабылдау, өзара үйлесімді әрекет ету және команда құрамында тиімді жұмыс істеу қабілетін талап етті.
Бағдат Амангелді, ҚР Ұлттық ұланы «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметінің басшысы:
Бұқаралық ақпараттар күніне орай бүгін журналистердің басын қосып, бір күн Ұлттық ұлан сапында әскери сайысын өткізіп жатырмыз. Журналистер әскери форма киіп, жараланған сарбазды тасып, қаружарақты шашаып қайта жинау сонымен қатар мергендіктерін сынап жатыр. Соынмен қатар Бүркіт әскери арнайы жасағының қолынан ғана келетін ауыр-ауыр жаттығуларды орындап жатыр.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, шараның мақсаты – бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара байланысты нығайту және журналистерді әскери қызметтің ерекшеліктерімен ішкі қырынан таныстыру. Ал қатысушылар үшін бұл күн тек төзімділік пен шеберлікті сынаған кезең ғана емес, сонымен қатар ұзақ уақыт есте қалатын жарқын кәсіби тәжірибе болды.
Мерей Қайнарұлы, Қазақстан Журналистер одағының ШҚОФ төрағасы:
Жалпы журналистер одағының ұйымдастыруымен түрлі-түрлі шаралар өтіпкеле жатыр осы уақытқа дейін. Бүгін қаламды қаруға айырбастап, қару ұстайалатындарын көрсетіп жатыр. Жалпы біздің журналистер қай жағынан алып қарасаңда өнерлі, білімді, мықты.
Бәсекелестік деңгейінің жоғары болғанына қарамастан, журналистер бір-біріне қолдау көрсетіп, барлық кезеңдерден зор ынтамен өтті. Қатысушылардың көпшілігі үшін бұл күн Ұлттық ұланның қызметіне жаңа қырынан қарап, олардың күнделікті атқаратын жұмысының қаншалықты күрделі әрі жауапты екенін тереңірек түсінуге мүмкіндік берді.
Еркежан Оралғазина, Облыстық «Менің Өлкем» және «Buqara.kz» сайтының журналисі:
Жалпы маған өзіме оқу жаттығу қатты ұнады. Себебі күнделікті журналистің бір күні бір күніне ұқсамайтынындығын бәрміз білеміз. Бірақ соның өзіндеде өзіміз арнайы форманы киіп, басымыздан нешетүрлі жағдайды өткердік.
Осылайша, төртінші биілк өкілдері бір күндік борыштарын абыроймен атқарды. Отан қорғаушы болудың жауапкершілігі мен қызығын қатар сезініп, өздеріне жүктелген міндетті жоғары деңгейде алып шықты.