Ұлан ауданындағы Төменгі Тайынты ауылында орналасқан «Болашақ» балалар сауықтыру лагерінде оқушыларға арналған профилактикалық шара өтті. Мақсат- балалардың құқықтық сауатын арттырып, қауіпсіз орта қалыптастыру. 

Акция аясында полиция қызметкерлері демалушылар үшін тақырыптық байқаулар, спорттық жарыстар мен командалық тапсырмалар өткізді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай формат балалардың маңызды ақпаратты жақсы қабылдауына және түрлі өмірлік жағдайда дұрыс шешім қабылдауына ықпал етеді.

Серден Адайбеков, Ұлан ауданының криминалдық полиция бөлімінің аға жедел уәкілі: 

Болашақ лагерінде біз есірткіге қарсымыз және кибербуллинг шаралары өткізілген болатын. Осыған орай балалармен жарыстар өткізілді. Әрине заң мен тәртіп, есіртіге жол жоқ эстафеталары ойнатылды. Соған орай сыйлықьарымызды бердік. Бәрі қуанышты. 

Осындай кездесулер жазғы демалыс кезінде тұрақты түрде өткізіледі. Лагерь ұжымы мұндай профилактикалық жұмыстар балалардың білімін арттырып қана қоймай, демалысты мазмұнды әрі пайдалы өткізуге мүмкіндік береді дейді.

Баян Мұратқызы, «Болашақ» балалар сауықтыру орталығының екінші ауысымының директоры: 

Алты аусымнан тұрады. Әрбір аусымда 60 бала қабылдайды. Жалпы 1 жаз бойы 360 бала келіп демалады. Әр мектептен көп балалы отбасылар, аз қамтылған отбасының балалары келіп демалады. Жоспар бойынша 1 маусым он күннен тұрады. Әрбір күнде әртүрлі шара өтеді. Балалар күнделікті бос болмайды. Заң және тәртіп, таза қазақстан, бір тұтас тәрбие бағдарламары бойынша күнделікті шаралар өтіп тұрады. 

Қатысушылардың сөзінше, іс-шара барысында олар есірткінің зияны мен кибербуллингтің салдары туралы көбірек ақпарат алып, түрлі тапсырмаларға белсенді қатысты.

Сезім Қалимолдина, «Жанұя» командасының қатысушысы: 

Бүгінгі шара маған өте қатты ұнады. Кибербуллинг және есірткі не екені жайлы жақсы түсіндірді. Және барлығы мейірімді. Осы лагер қатты ұнайды. 

Мамандар мұндай профилактикалық шаралар арқылы балаларға пайдалы ақпаратты қызықты форматта жеткізіп, қауіпсіз өмір салтын насихаттауды көздейді.

Бекарыс Секен