Ұлан ауданы Қасым Қайсенов кентінде жаңа емхана пайдалануға берілді. Мекеме аудан ғана емес, жалпы өңірдің медициналық инфрақұрылымын дамытуға үлес қосады. Жергілікті тұрғындар мен ресми өкілдердің қатысуымен өткен салтанатты рәсімде жаңа емхананың лентасы қиылып, халық игілігіне жол тартты.
Жаңа емхананың ашылу салтанатына аймақ басшысы Нұрымбет Сақтағанов қатысты. Ол өз сөзінде денсаулық сақтау саласын дамыту - мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі екендігін атап өтті.
Нұрымбет Сақтағанов, Шығыс Қазақстан облысының әкімі:
Бүгін Ұлан ауданында, оның ішінде Қасым Қайсенов кентінде ерекше күн. Біз бәріміз асыға күткен медицина қызметкерлері күні қарсаңында жақсы бір сый болып отырған емхананың ашылуы барлығымызға құтты болсын.
Жергілікті тұрғындар бұл емхананың ашылуын ұзақ жылдар бойы күткен. Енді олар ем алу үшін облыс орталығына сабылмайды. Ауыл халқы бұған дән риза.
Рашидбек Мұхамеджан, Қ.Қайсенов кентінің тұрғыны:
Бұрын барлық науқастар жеке-жеке дәрігерлер әлгі бейінді деп жатырмыз. Орысша узкие спецальности дейді ғой. Соған қаралу үшін қалаға баратын. Сондықтан өте қуанышты халық деген.
Гүлнәр Ахметова, Қ.Қайсенов кентінің тұрғыны:
Бүгін қуанышым сыймай тұрғаны осындай ауылда, кентте осындай үлкен емхана ашылғанына қуаныштымыз барлығымыз.
Нұрлан Мәкенов, Қ.Қайсенов кентінің тұрғыны:
Мен осы дәрігерлік амбулаторияда 25 жыл істедім жүргізуші болып. Енді қазір заслуженный отдыхтамын. Мынандай емханаға өте қуаныштымыз.
Заманауи емханада тұрғындарға қолайлы жағдай қарастырылған. Соңғы үлгідегі құрал – жабдықтармен қамтамасыз етілген. Бір уақытта 150 адамды қабылдай алады.
Қайрат Өскенбаев, Ұлан аудандық ауруханасының бас дәрігері:
Рентген диагностикалық отделение, оның ішінде маммограф, рентген оборудование и флюрогарф бар современный. 6 төсектік күндізгі стационарлық жатып емделетін орын бар. Бұнда барлық клиникалық лабараторный служба жұмыс істейді. Бактералогиялық лабаратория жұмыс істейтін болады.
Сойндай-ақ, мұнда жедел жәрдем қызметінің тиімді жұмыс істеуі үшін екі санитарлық автокөлікке арналған гараж салынды. Жақын арада жедел- жәрдем станциясы жаңа емхана ғимаратына көшіріледі.
Кәусар Идаятқызы