Өскеменде елдегі ең көне кітапханалардың бірі – А. С.Пушкин атындағы облыстық кітапхасына билы 130 жыл. Бүгінде ол бай мұрасын заманауи технологиялармен ұштастырып отыр. Мұнда қызмет барысына жасанды интеллект енгізіліп, өткен ғасырлардың бірегей қорлары сақталуда.

А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапхана 1896 жылғы 20 наурызда Халық ағарту ісіне қамқорлық көрсету қоғамының бастамасымен құрылды. Оның бастауында жергілікті зиялы қауым өкілдері мен саяси жер аударылғандар тұрған.

Элина Бузуртанова, А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапхананың қызметкері:

Өскемен қалалық басқармасында оқу залы бар шағын кітапхана ашылды. Оның ашылуы Халық ағарту ісіне қамқорлық көрсету қоғамының бастамасымен іске асты. Кітапхана құрамына қалалық зиялы қауым өкілдері мен саяси жер аударылғандар кірді. Михаэлис, Вистиниус, Федоров сынды тұлғалар кітап жинақтары мен қаржылай қаражаттары кітапхана қорының негізін қалады.

Бүгінде А.С. Пушкин атындағы кітапхана – өңірдегі ең танымал әрі сұранысқа ие қоғамдық кеңістіктердің бірі. Мыңдаған шығысқазақстандықтар үшін ол әлдеқашан тартымды орынға айналған. Мұнда тұрғындар тек кітаптар мен мерзімді басылымдар үшін ғана келмейді, әркім өз қызығушылығына сай іс таба алады. Кітапхана базасында түрлі жастағы оқырмандарға арналған білім беру курстары, шеберлік сабақтары мен оқыту бағдарламалары өтеді.

Динара Мергембаева, А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапхананың білім орталығының жетекшісі:

Бүгінде кітапхана тек кітап сақтайтын орын ғана емес. Бұл – идеялар мен жаңа мүмкіндіктерге жол ашатын ортаға айналып отыр.Балалар үшін «Вали» үйірмесі бар – бұл алғашқы батыл идеялар дүниеге келетін орта. Демалыс күндері әдеби клубтар жұмыс істейді.Жасөспірімдерге арналған «Оқу әуесқойлар клубы» 6 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Мұнда жастар жиналып, заманауи кітаптарды оқиды.

Күн сайын кітапханаға өңірдің жүздеген тұрғыны келеді. Бірі жаңа кітап алу үшін келсе, енді бірі жайлы ортада мерзімдік басылымдармен танысады.

Бүгінде А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапхана – заманауи интеллектуалды кеңістікке айналды.

Аяулым Усинова