Өскеменде алғаш рет «Сила разных» атты инклюзивті спартакиада өтті. Бұл – ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды, олардың ата-аналары мен ұстаздарын біріктірген игі шараға айналды.

Бүгінде Қазақстанда 700 мыңнан астам ерекше қажеттілігі бар адам тұрады, олардың 15% астамы – балалар. Шығыс Қазақстан облысында мұндай балалардың саны 3,5 мыңнан асады, оның ішінде 2 мыңнан астамы облыс орталығында. Қазіргі таңда аутизм спектрі бұзылған балалардың саны жыл санап артып келеді. Осы орайда мұндай сайыстардың балаларға берері мол дейді «Niet.Woman» әйелдер бастамалары қауымдастығының төрайымы Алтынай Төлеухан.

Алтынай Төлеухан, «Niet.Woman» әйелдер бастамалары қауымдастығының төрайымы:

Өскеменде алғашқы инклюзивті спартакиада өтті. Мақсаты – ерекше балаларды қолдау, оларды қоғамға бейімдеу. Шараға 9 орталық 350 астам азамат қатысып отыр. Олардың ішінде балалар, ата-аналар, мамандар да бар. Балалар екі алаңда кім мықтыны анықтайтын болады.

Сайыс бағдарламасында командалар эстафета, 60 метрге жүгіру, арқан тарту, қол күрес, ләңгі тебу және балалар мен ата-аналарға арналған «Көңілді старттар» ойындары ұйымдастырылған. Спартакияда қатысушлыары үшін бұл жай ғана сайыс емес, өз ара қарым қатынас пен отбасылық құдылықтарды дәріптеу алаңы.

Бауыржан Аубакиров, сайысқа қатысушы:

Мұндай шаралар балаларға пайдалы деп ойлаймын.Олардың дамуына, сондай-ақ отбасылық бірлікті нығайтуға да септігі мол. Біз спорттық жарыстарды жақсы көреміз. Мұндай шаралар балаларға да, ата-аналарға да пайдалы. Бұл сайыс болғандықтан балаларды барынша жігерлендіріп жатырмыз.

Сайыстың бас демеушісі «Казцинк» компаниясы. Аймақтағы ірі өндіріс орындарының бірі саналатын компания үшін бұл ерекше балаларды колдау ғана емес, олардың болашағына жол ашу және олардың қоғамға бейімделуін қамтамасыз ету.

Андрей Лазарев, «Казцинк» ЖШС әкімшілік мәселелер жөніндегі басқарушы директоры:

Шарада инклюзивті балалар мен олардың отбасы мүшелері өз ара кім мықтыны анықтайды. Менің ойымша, осы жарысқа алғаш қатысып отырғандар үшін бұл ерекше тәжірибе болды. Мұнда балалар үлкен спорттағыдай қашықтыққа жүгіру, арқан тарту, қол күресі сынды жарыстарға қатысады. Осындай ауқымды шараға қаолдау көрсету біз үшін үлкен қуаныштымыз.

Спартакиадада жеңімпаздар немесе жеңіліс тапқандар жоқ. Мақсат- балалардың дамуына, олардың қоғамға бейімделуіне және отбасы мүшелерінің бірілігін арттыруға сеп. Сайыс қортындысы бойынша қатысушыларға естелік сыйлықтар табысталып, 9 мекемеге арнайы спорттық құралдар мен бұйымдар табысталды.

Нұртас Қайролаев