Бүгін қазақстандық әскерлер үшін қаралы күн. Осыдан 31 жыл бұрын 7 сәуір тәжік-ауған шекарасында 17 қазақ сарбазы ерлікпен қаза тапты. Шабуыл жасаған содырларға қарсы тұрып, қазақ батальонының намысын қорғаған ерлердің есімі қашанда ел есінде. Осыған орай, Ұлттық ұлан жауынгерлері тәжік-ауған соғысы ардагерлерінің ескерткіштеріне тағзым етіп, әскери-патриоттық шара өткізді.
Жиын барысында әскери қызмет жолында мерт болған батырлардың рухына тағзым етіліп, бір минут үнсіздік жарияланды. Қатысушылар ескерткішке гүл шоқтарын қойып, асқан ерлікпен қаза тапқан сарбаздардың есімін құрметпен еске алды. Шара барысында тәжік-ауған шекарасында әскери борышын өтеген ардагерлер, жауынгерлердің ерлігі мен қайсарлығына тоқталды.
Дәулет Елеусізов, Тәжік-ауған шекарасындағы қақтығысқа қатысушы:
Тәжік-ауған шекарасында болған қарулы қақтығыста жанымдағы 17 сарбаздан айрылып қалдық. Енді олардың рухына тағзым етіміз. Әрқашан біздің есімізде. Біз тұрғанда, ел тұрғанда, ұрпақтары тұрғанда ерліктерін ешкім ұмытпайды. Бүгінгі күні қазақстанның түкпір-түкпірінде ұлттық ұлан әскери бөлімінде еске алу күні өтіп жатыр.