Соңғы жылда ел көлемінде 104 бала көпқабатты үйдің терезесінен құлап көз жұмса, 600-ге жуығы түрлі жарақат алған. Әр қайғылы оқиғаға қатысты тергеу мен сараптама жүргізген құзырлы орган қызметкерлері ата-аналардың жауапкершілгі жоқ, деген қорытынды шығарып отыр.
Кеше ғана Өскемендегі 9 қабатты үйдің терезесінен бір бала құлап көз жұмды.Сәбидің өмірін сақтап қалу үшін дәрігерлер бар дәрменін салғанымен нәтиже болмады. Күн жылына терезе мен балконнан құлап мерт болған немесе мертіккен балалардың саны азаймай тұр. Ел бойынша да статистика сұмдық. Бірақ ол шындық.
Бейбіт Ғабитұлы, травматолог-дәрігер:
Былтырғы жылдың өзінде 33 бала жарақатпен түсті. Биыл бір бала түсті. Ол да сол терезеден құлау бойынша. Ол балалардың барлығы күрделі жарақат болып келеді. Оларда бас,ми жарақаты.00.52.50-Ол балаларға бір ғана операция емес бірнеше операция жасау керек болады.
Балаларға тек терезе емес, от пен суда қауіпті. Өткен жылы шығыста 2 жасөспірім суға тұншығып, ал тағы 3 сәби ыс тиіп көз жұмған. Бала құқығын қорғап жүрген заңгер - Аксана Каленова кез-келген жағдайда барлық жауапкершілік ата-ананың мойнында екенін айтады.
Аксана Каленова, заңгер:
Баланың өмірі мен денсаулығы және қауіпсіздігі үшін бірінші кезекте әрине ата-ана жауапты. Соған сәйкес, барлық қажетті шараны қабылдауға міндетті. Ал мемлекеттік органдарға заң шеңберіндегі жауапкершілік жүктеледі. Біз жалпы қоғамының жауапкершілігі туралы көп айтамыз. Оның бәрі өз баламыздан басталады.
Төтенше жағдайлар департаменті мамандары тұрғындарға қауіпсіздік үшін дрондарды пайдаланып жатыр. Көпқабатты үйлердің терезесінің тұсына дейін ұшырып дауыс зорайтқыш арқылы қауіпсіздік шараларын еске салады. Егер терезе мен балкон ашық тұрса жабуды,ал жұқа тор қойылған болса қауіпсіздікті күшейтуді ескертеді.
Аяулым Кекиева, Облыстық ТЖД бас маманы:
Былтырғы жылғы мәліметке сәйкес облыс аумағында 9 бала терезеден құлап кету жағдайы тіркелген. Оның ішінде өкінішке орай бір бала қаза тапты. Осыған орайда төтенше жағдайлар департаменті заманауи құралдармен яғни дронардың көмегімен үгіт насихат жұмыстарын жүргізуде. Осыған сәйкей ата-аналарға балаларын қараусыз қалдырмауын және терезелердің алдына жиһаздар орнатпауын сұраймыз.
Баланың жалпы қауіпсіздігі үшін облыстағы кейбір аудандарда онлайн карта жасалды. Электронды сызбаның көмегімен бос ғимараттар мен ашық жатқан кәріз бен су құбыры анықталып, ол бақылауға алынады. Ал ашық тұрған терезе мен балконның ар жағында балаңыздың тағдыры тұр. Сондықтан тек терезеге телміріп қалмаңыз...?!