Облыс орталығында жыл басынан бері 150-ден астам жол-көлік оқиғасы тіркелген. Жылдамдықты асыру, қарсы жолаққа шығу, қызыл түске өту, жаяу жүргіншілерге жол бермеу, көлік жүргізу кезінде телефон қарау – жол апатының басты себебі. Осыған байланысты Өскеменде жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында кешенді шаралар қолға алынған.

Өскеменде тәртіп сақшылары жылдамдықты асыру, көлік жүргізу кезінде телефон қарау сынды заңбұзушылықтарды анықтап, оқыс оқиғалардың алдын алу шараларын күшейтуде. Бұдан бөлек, жол белгілері мен бағдаршамдардың талапқа сай жұмыс істеуін тексеріп, қауіпті учаскелерді басты назарға алған.

Ғабит Әбенов, ӨСКЕМЕН қ. ПБ ППБ командирі:

Қазіргі таңда ШҚО орталығында 3 айдың сараптамасы өткізілді жол көлік апаттары бойынша. Бүгінгі таңда 152 жол апаты тіркелген. Оның ішінде 216 адам дене жарақатын алды және 2 азамат қаза тапты. Жол көлік апаттарының басты мәселесі жылдамдықты асыру, маневр жасау. Көлік басқару кезінде басқа жүргізушілерге жол бермеу және XXI-ғасырдың ауыруы деуге болады ұялы телефон қолдау. Телефонға қарап маңайдағы жаңдайға жүргізушілер мән бермейді солар жол көлік апаттарына әсер етеді.

Жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында патрульдік полиция батальоны екі ауысымда жұмыс істеп, қала көшелерінде «Еркін патруль» мен «Кардон» жүйелері арқылы жылдамдықты бақылауда ұстап отыр. Жол бойындағы қауіпті учаскелерде мобильді патрульдер мен бейнебақылау камералары жұмыс істейді. Заң бұзған жүргізушілерге әкімшілік хаттамалар толтырылып, айыппұлдар салынуда.

Мирас Кәрімов, ӨСКЕМЕН қ. ПБ ППБ инспекторы:

Бұл бойынша ҚР ӘҚБтК 615 бабы бойынша сізге айыппұл салынады. Бірінші рет 2 АЕК ретінде айыппұл салынса екінші рет жыл көлемінде қайталанса 10 АЕК ретінде айыппұл салынады. Сондай-ақ жаяу жүргінші тыйым салынған жерден өте жаяу жүргіншілер ережесі бойынша 3.15 жол ережесін бұзған саналады. Екінші жағдай ол бағдаршамның қызыл түсіне өтуге қатысты. Ол бойынша жаяу жүргіншілер ережесінің 3.16 жол жүру ережесін бұзған болып саналасыз.

Қала тұрғындары жаяу жүргіншілер мен жүргізушілер жол ережесін қатаң сақтауы тиіс деп отыр. Сондықтан бектілген талапты елемегендерге қатысты шара қолдану қажет дейді. Бұдан бөлек, тұрғындар қауіпсіздікті арттыру үшін қосымша жарықтандыру мен жол белгілерін жаңартуды сұрайды.

Тәртіп сақшылары жол ережесін қатаң сақтауға шақырады. Себебі, тәртіпке бағынсаңыз, өзіңіздің ғана емес, өзгенің де өміріне қауіп төндірмейсіз.

ҒабитӘбенов, ӨСКЕМЕН қ. ПБ ППБ командирі:

Жеке құрамның бірінші мақсаты жол көлік оқиғаларына жол бермеу, Бұл бірінші кезекте президентіміздің және ІІМ министрінің, ШҚО ПД басшылығының бұйрықтарымен жұмыс істеудеміз. Әр жүргізуші, жаяу жүргіншімен жұмыс атқарудамыз. Қазірк көктем келді электро самокаттар шығып жатыр, мотоциклдар да шығып жатыр. Солармен де профилактикалақ жұмыстар басталды. Бұл жұмысты ары қарай да күшейтеміз.

Жол қозғалысын қадағалау мақсатында бүгінде цифрлық шешімдер енгізіліп жатыр. Тың технологиялар арқылы тәртіп сақшылары оқыс оқиғалардың алдын алмақ.

Нұртас Қайролдаев