Өскеменде мемлекеттік грант арқылы ашылған орталық жүзден астам балаға жаңа мүмкіндік беріп отыр. Аталмыш мекеме ерекше балаларға қызмет көрсетіп, сапалы жұмыс істеуде.

Ерекше балаларды оңалтумен айналыстын бұл орталық 2023 жылы мемлекеттік қолдау аясында ашылды. Сол жылдан бері нысан мүмкіндігі шектеулі балаларды тұрақты түрде қабылдап, олардың денсаулығын жақсартып, әлеуметтік бейімделуіне бағытталған кешенді қызметтер ұсынып келеді. Бұл орталықты екі ерекше бала тәрбиелеп отырған қос ана бірігіп ашқан. Олар бұл саланы бір кісідей меңгеріп, тек маман ретінде ғана емес, ана ретінде де терең түсінеді. Бүгінде өз жұмыстарының жемісін көріп отыр. Мекеме аутизм спектірі бұзылған, сөйлеу тілінің дамуында кешігуі бар балаларды қабылдайды.

Жанна Солтанбекова, орталық директоры:

Мен әлеуметтік кәсіпкерлер реестрларына кірдім. 2024 жылдың декабрьінде мен грант алдым осы біздің мемлекеттен. Мемлекеттік қаражатпен скалодром істедік. Басқа центрларда осындай жоқ. Оборудованный жасалған сол сенсорный кабинет. Беговые дорожки әр комнатада бар бізде. Соның бәрін қосып мы оснастили наш центр.

Орталықтағы маңызды бағыттардың бірі – әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлау. Бұл балаларды дербестікке, өздігінен әрекет ету дағдыларына үйретеді. Мамандар, мұндай шаралар баланың өзіне деген сенімділігін арттырып қана қоймай, қоғамға бейімделуіне үлкен септігін тигізеді, дейді.

Әнел Нұрғұметова, Әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлау жөніндегі маман:

Біз балаларды өзіне-өзі қызмет етуге үйретеміз. Сабақ барысында балалар киінуді, ыдыс жуу, еден сүрту, сыпыру, қол жуу сияқты күнделікті тұрмыстық әрекеттерді меңгереді.Сөрелерге киімдерін үтіктеп, бүктеп жинатамыз. Сабақтың ортасында балаларға 20 минут уақыт беріледі. Осы кезде олар жеңіл тамақтанып алады.

Сабақ барысында балалардың сенсорлық интеграциясын дамытуға да ерекше көңіл бөлінеді. Сөйлеу кемшіліктері бар балалармен логопед, дефектолог мамандар жұмыс жүргізеді.

Аяулым Усинова