Елдегі әрбір үшінші қылмыс – алаяқтық. Соңғы уақытта интернет алаяқтық деректері күрт көбейген. Өскеменде жыл басынан бері осы қылмысқа қатысты 200-ден астам дерек тіркелген. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, тұрғындар көбіне телефон қоңырауы мен мессенджерлер арқылы хабарласқан қаскөйлердің арбауына түсіп қалған.

28 жастағы қала тұрғыны алаяқтың құрбаны болған. Ол әлеуметтік желі арқылы ұялы телефонға тапсырыс беріп, алдын-ала төлем жасаған. Алайда тауар жеткізілмей, сатушы байланысқа шықпай кеткен.

Алаяқтықтың түрлері күн сайын өзгеріп, күрделене түсуде. Ең көп таралған тәсілдердің бірі – телефон алаяқтығы. Қаскөйлер өздерін банк қызметкері немесе құқық қорғау органы ретінде таныстырып, «шотыңызда күдікті операция бар» деп сендіреді. Тағы бір кең таралған түрі – фишинг. Яғни, жалған сілтемелер арқылы жеке мәліметтерді ұрлау. Интернет-дүкендердегі алаяқтық та тыйылмай отыр. Тауарды арзан бағамен ұсынып, алдын ала төлем алған соң, сатушылар ізін суытады. Соңғы уақытта дропперлік схемалар да жиілеген. Бұл – азаматтардың банк карталарын заңсыз ақша аударуға пайдалану.

Ақбота Бауыржанқызы, Өскемен қ. ПБ Криминалды полиция бөлімшесі киберқылмысқа қарсы іс-қимыл тобының жедел уәкілі:

ҚР-ның Қылмыстық Кодексінің 232-ші Примадин бабы енгізіліп, дропперлікке қазіргі таңда жауапкершілікке тартылатындай болған. Ешқашан өзіңіздің деректеріңізді, смс кодтарды ешкімге айтпаңыздар. Күмәнді сілтемелерге ешқашан өтпеңіздер. Барлық операцияларды тек банктерге хабарласу арқылы 102-ге хабарласу арқылы анықтап біліп барып жасаңыздар.

Салаға жауаптылар мемлекеттік органдар күмәнді сілтемелер жібермейтіндігін ескертеді.

Аяулым Усинова