Шемонаихада мәдениет саласы қарқынды дамуда. Аудан тұрғындары мен түрлі сала мамандарының басын қосатын шаралар легі күн санап артып келеді. Мұндағы әр азамат ұлттық құндылықтар мен салт-дәстүрді көздің қарашығындай сақтап келеді. Ал оны мәдени-танымдық шаралар арқылы өскелең ұрпаққа насихаттауда.
Усть-Таловка кентінде мәдени өмірдің орталығы ретінде «Горняк» клубы жарты ғасырдан астам уақыт бойы қызмет етіп келеді. 1969 жылы құрылған бұл мекеме түрлі буын өкілдерін біріктіріп отыр. Ғимарат 2014 жылы әкімдік қарамағына берілген. Бұдан кейін бірқатар жаңғырту жұмыстары жүргізілді. Нысанның қасбеті ретке келтіріліп, пандус орнатылды, көрермендер залы жаңа кейіпке енді.
Алёна Ванина, «Горняк» клубының директоры:
Бізде 15 шығармашылық ұжым бар. Олардың құрамында кішкентай балалардан бастап, тұрғындармен, 50–60 жастан асқан зейнеткерлер де бар. Мекемеде кәсіби әртістер жоқ, дегенмен ауыл тұрғындарымен өзіміз жұмыс істеп, оларды сахнаға дайындаймыз. Балалар хореография, хор сынды бағытта білім алады. Вокалдық ансамблімізде бар.
Жалпы «Горняк» клубы 280-нен астам баланы қамтиды. Мұнда домбыра, барабан және синтезаторда ойнау үйірмелері, «Юнат» театр студиясы жұмыс істейді. Клуб ауыл тұрғындары үшін бос уақытты тиімді өткізу, шығармашылықты дамытудың орталығына айналған. Бұдан бөлек, кентте балалар өнер мектебі бар. Мұнда 300-ге жуық бала білім алады.
Валентин Алифанов, Балалар өнер мектебінің театр бөлімінің жетекшісі:
Мектеп шағын болғанына қарамастан, шығармашылықпен айналысуға барлық жағдай жасалған. Театр бөлімінде 30-дан астам оқушы бар. Біздің педагогикалық ұжым пәндер арасындағы байланыстарды нығайтып, өзара ынтымақтастықта жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
Шемонаиха ауданында мәдениет саласы жергілікті тұрғындардың өмірінің маңызды бөлігіне айналған. Мұнда шығармашылық әлеуетті дамытуға барлық жағдай жасалған.
Сая Жарасқызы