Шығыс Қазақстан облысында биыл 42 білім беру нысанына жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Бұл мақсатқа 1,4 млрд. теңге қарасытырлған. Бұден бөлек, өңірдегі білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайту көделіп отыр.
Шығыс Қазақстан облысында биыл білім беру саласының инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстары жалғасады. Өңірде бірқатар мектептер мен қосымша білім беру ұйымдарына жөндеу жүргізіледі. Ғимараттарға күрделі жөндеу жасалады, ағымдағы жаңарту жұмыстары қолға алынбақ. Инженерлік коммуникациялар, оқу кабинеттері заман талабына сай жарақтандырылады.
Қуат Оқасов, облыстық білім басқармасының басшысы:
Биылғы жылы 42 объектімізді жөнедейміз деп жоспралап отырмыз. Оған 1,4 млрд. Теңге ақша бөлінді. Жөндеудің бәрін жазғы каникул кезінде аяқтаймыз деп жоспарлап отырмыз. 25 меткеп бар. 10 балабақша бар. 2 балалар үйіне бөлеміз. 1 балалар шығармашылық үйіне 50 миллион бөліп, жоғарыда айтылған жөндеулерді біз аяқтаймыз деп уәде береміз.
Бірінші сыныпқа құжат қабылдау тәсілі де өзгерді. Бұрын бұл науқан ел бойынша дәстүрлі түрде 1 сәуірде бір уақытта басталатын. Мұндай формат электрондық жүйеге үлкен жүктеме түсіріп, пайдаланушылар санының көптігінен жиі істен шығуына әкелетін. Енді құжат тапсыруы үшін арнайы кесте бекітілді. Өңірде бірінші сыныпқа құжат қабылдау 10 маусымнан 31 тамызға аралығында жүргізіледі.
Қуат Оқасов, облыстық білім басқармасының басшысы:
Жаңа кабинеттерді айтатын болсақ, тағы да 35 кабинет алынады. Ол кабинеттерге 427 млн теңге қаражат бөлінді. Бірнеше мектеп конкурстан өткізілді. Кабинеттер келіп қойды. Біз жоспарлап отырмыз кабинеттерден жиналған экономияны осы интерактивті панелдер алып, оны тағы мектептерге жоспар бойынша береміз. береміз.
Жаңа жабдықтар қалалық мектептермен қатар, шалғай елді мекендердегі білім беру ұйымдарына да жеткізіледі. Негізгі мақсат — сапалы білімге тең қолжетімділікті қамтамасыз ету.
Салтанат Кеңесбекқызы