Шығыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссияның отырысы өтті. Жиында 2023–2025 жылдар аралығындағы бюджет қаражатын пайдалану мен мемлекеттік активтерге жүргізілген аудит қорытындылары қаралды. Аудит барысында 9 нысан тексеруден өтті. Атқарылған жұмыстардың нәтижесі жайлы келесі бейнематериалда.

Риддерде жүргізілген талдау нәтижесінде бірқатар мақсатты көрсеткіштердің орындалмағаны анықталды. Мәселен, 2023 жылы жоспардың 12,5%-ы, 2024 жылы 25%-ы, ал 2025 жылы 12,5%-ы іске аспаған. Қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына жүргізілген аудит нәтижесінде бірқатар жүйелі проблемалар анықталды. Атап айтқанда, қаланы дамытудың бекітілген бағдарламалық құжаты жоқ. Сонымен қатар, кейбір лауазымды тұлғалар негізгі міндеттерін тиісті деңгейде орындамаған.

Руслан Қасенов, Риддер қаласы бойынша аудиторлық іс-шара тобының жетекшісі:

Талдау барысында Риддердегі барлық бағыттар қамтылды. Аудиторлар негізгі индикаторлар көрсеткішіне қол жеткізілмегенін атап өтті. Мәселен, 2023 жылы 32 көрсеткіштің төртеуі орындалмаған, 2024 жылы 8 көрсеткіштің екеуі және 2025 жылы 8 негізгі индикатордың 1 көрсеткіші орындалмаған.

Ал бюджет шығыстары 100 пайызды құраған. Бюджет қаражаты тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, инфрақұрылымдық нысандар құрылысы және әлеуметтік салаға бағытталған.

Болат Акужанов, Риддер қаласы әкімінің орынбасары:

Кеңес қорытындысы бойынша аталған мәселе талқыланды. Біз ескертулер алдық, оларды жақын арада түзететін боламыз. Шаралар жоспары әзірленіп, соның нәтижесінде жыл соңына дейін өңірлік комиссия ұсынған барлық ескертулер жойылады.

Әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар материалдар уәкілетті органдарғажолданды.Сонымен қатар, тексеру комиссиясы өз бетінше 2 материалды қарап, олар бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінтің 234-1-бабы бойынша айыппұл салды. Отырыстың қорытындысы бойынша салаға жауаптыларға ұсынымдар беріліп, нұсқамалар шығарылды.

Аяулым Усинова